Ланцетник
Ланцетник.
Ланцетник бассүйексіздердің (Acrania) өкілі. Қазақша атауы - қандауырша. Латынша атауы - Branchiostoma lanceolatum.
- Сыртқы түрі. Ланцетник - ұзындығы 5-8 см болатын, екі бүйірінен қысыңқы, сопақ, балық пішіндес, мөлдір келген жәндік.
Құйрығының артқы бөлімі найзаның ұшына немесе ланцетникке ұқсас болғандықтан осылай аталған. Арқа қанаты құйрық қанатына келіп түйісіп, одан әрі тұтасқан түрінде желбезек қуысына шейін созылады.
Денесінің құрсақ жақ бүйірінде орналасқан екі метаплевральдық қатпар болады. Олар артқа қарай атериалдық тесікке дейін созылады. Денесінің алдыңғы, бауыр жағында 10-12 жұп қармалағышпен қоршалған, ас жолы басталатын ауыз алды тесігі болады.
- Тері қапшығы. Ланцетниктің тері қапшығы екі қабаттан: сыртқы - эпидермис, ішкі - кутис деп атайды.
Жоғары дәрежеде дамыған жануарлардың эпидермисінен айырмашылығы ланцетниктің эпидермисі бір қабаттан тұрады да, оның сыртын жұқа кутис қаптап тұрады. Эпидермистің көпшілік клеткалары цилиндр пішінді, бокал тәрізді безді клеткалары, бірқатар клеткалары сезімтал түкті болып келеді. Кутис қабаты нашар дамыған және ол қоймалжың тканьдерден құралады.
- Бұлшықет жүйесі. Денесіне біркелкі орналаспаған.
Бұлшықет жүйесі ұзына бойы бөлінген екі - миомерлер деп аталатын бунақтарға бөлінген. Миомерлер бірінен-бірі миосепта дейтін дәнекер тканьдермен бөлініп тұрады. Оң жағындағы миомерлері мен сол жағындағы миомерлері тұспа-тұс орналаспайды. Мұның өзі суда жүзгенде көлденең бағытта денесінің оңай иілуіне жағдай туғызады. Хордасы негізінен қаңқа қызметін атқарады. Оның сыртын қабық қаптап тұрады. Хорданың негізгі денесі талшықты дискалардан тұрады. Олардың арасында іші сұйық затпен толған вакуольдері бар. Қалың дәнекер ткані хорданы және оның үстіңгі жағына орналасқан жүйке түтігін қаптап тұрады. Ауыз алды бөлімінде орналасқан қармалағыш түктерінің түбінде тіректік қоймалжың заттары болады.
- Нерв жүйесі. Ланцетниктерде орталық нерв системасы деп аталатын бүкіл дене бойына хордамен созылып жатқан нерв түтігі болады.
Нерв түтігінің бас жақ бөлімінің ішкі қуысы кең, ал арқа бөліміндегі қуыс тар болады. Бұл қуысты - невроцель дейді. Ланцетник ұрығының даму кезінде невроцель сыртқы ортамен - невропор тесігі арқылы қатысады. Ересектерінде невропор болмайды. Оның орнына иіс оязы қалады.
Бүкіл жүйке түтігі бойымен, невроцельдің жиегіне, жарық сезгіш - Гессе көзшілері орналасады. Ол екі клеткадан: жарық сезгіш және пигментті тұрады. Миының барлығы дерлік жарық сезеді. Әрбір ет сегментіне екі жұп жүйке келеді. Біреуі құрсақ (таза қозғалыс қызметі), екіншісі арқа нерві (аралас қозғалтқыш-сезгіш қызметі).
- Сезім мүшелері: Өте қарапайым.
Олар Гессе көзшелері арқылы жарықтарды, иіс оязы арқылы судың химиялық қасиеттерін ажырата алады. Эпидермисінде бытырап жатқан сезгіш клеткалары болады.
- Асқорыту жүйесі Өте қарапайым.
Ауыз қуысы көлемі ұлғайған ұзын жұтқыншаққа айналып, оған ішек жалғасады, ал ішек дененің құрсақ жағынан, құйрық бөлімінің алдынан сыртқа ашылады. Ланцетниктің ауыз қуысы ішкі жағынан кірпікшелі клеткалармен астарланады. Кірпікшелер суды толассыз ағызып, ланцетниктің қорегі қызметін атқаратын біржасушалы балдырлар мен қарапайымдарды ауыз арқылы жұтқыншаққа, одан әрі ішекке сумен бірге айдайды.
- Тыныс алуыҚоректенумен бір мезгілде жүреді.
Жұтқыншақтың қабырғасында 100 жұпқа жуық желбезек саңылаулары орналасқан, олардың, айналасында жұтқыншақ ұлпаларында қан тамырлар жүйесінің капиллярлары болады. Кірпікшелі жасушалар айдап енгізген су желбезек саңылаулары арқылы өтіп, организмнен сыртқа шығарылады. Желбезек саңылаулары сыртынан қарағанда көрінбейді, өйткені оны құм түйіршіктерінің түсуінен сақтап қалатын тері қатпаршақтары жауып жатады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]С.П.Наумов, "Омыртқалылар зоологиясы" Алматы - 1970, "Мектеп" баспасы.
Зоология, 6-7, (1986),103 б, 7-2481