Көлбақа
Көлбақа | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Pelophylax ridibundus (Pallas, 1771) | ||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||
Rana ridibunda Pallas, 1771 |
Көлбақа (лат. Pelophylax ridibundus) – құйрықсыздар отряды бақа тұқымдасына жататын түр.
Сипаттамасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бақалардың ішіндегі ең ірісі, ұзындығы 170 мм-ге дейін жетеді. Қоңырқай, жасыл түсті келеді, үстінде күңгірт дақтары болады. Тістері үстіңгі жақ сүйектерінде ғана бар. Тілінің ұшы бос және екі айырылған. Көбінесе суда тіршілік ететіндіктен артқы аяғының жүзу жарғағы жақсы жетілген. Кейде судан жағалауға қоректену үшін шығады. Қорегін ұзын тілімен аулайды.
Таралу аймағы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Олар әр түрлі аралас және жалпақ жапырақты орманды, дала мен шөлейт жердегі су қоймаларында және ағысы жылдам өзендерде мекендейді. Қазақстанда негізгі таралу аймағы Орал – Ырғыз – Торғай су айдыны мен Балқаш – Алакөл аралығы болып саналады.
Өмір сүру дәстүрі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі қорегі – жәндіктер, олардың ішінде қоңыздар, қосқанаттылар, жарғаққанаттылар, түзу қанаттылар, сондай-ақ майда құстардың балапандары, сұртышқандар, басқа қосмекенділердің итшабақтары. Кейбір жағдайда балықтардың шабақтарымен қоректеніп, балық шабақтарына зиянын тигізеді. Су температурасы 6 – 9С-та Көлбақаның белсенділігі тоқтайды да су түбіндегі шұңқырға қыстайды. Қыстаудан ақпанның аяғы – маусымның басында шығады.
Көбеюі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көлбақалар 3 жылдан соң уылдырық шашады. Аналығы су жылынғанда (15,6 – 18,6С-қа көтерілгенде) ғана уылдырық шашады. Уылдырықтарының саны денесінің ірілігіне байланысты (4000 – 12000-дей) болады. Уылдырық шашу мерзімі 1,5 – 2,5 айға дейін созылады. Су жылы болғанда ғана 7 – 10 күнде ұрықтанған уылдырықтан ұзындығы 5 – 8 мм-ге жететін итшабақтар жарып шығады. Бір апта өткеннен кейін олардың ұзындығы 16 – 20 мм-ге жетіп, белсенді қоректене бастайды.
П��йдасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көлбақаның итшабақтары биоценозда (энергия тасымалдаушы) үлкен рөл атқарады, еті кейбір елдерде (мысалы, Францияда, Қытайда, т.б.) тағам ретінде пайдаланылады.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Үлгі:IUCN2013.1
- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |