Көк жасыл теңіз шаяны
Көк жасыл теңіз шаяны | ||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||||
Paralithodes platypus (Brandt, 1850) |
Көк жасыл теңіз шаяны — омыртқасыздардың буынаяқтылар типі жоғары шаяндар отрядына, шаянтәрізділер тұқымдасы на жатады. Он аяғы болғандықтан, жәндікке жатпайды. Атлант мұхитының Оңтүстік және Солтүстік Америкамен шектесетін жерлеріндегі 35 см-ден 2-3 метр тереңдікке дейінгі рифтерде өмір сүреді.
Бұл шаянды көк жасыл түсті жалпақ денесі мен үлкен қысқыштары арқылы ажыратуға болады. Жылтыраған көк-жасыл түсті, жалпақ, тығыз денелі. Екі жақтаулы симметриялы. Денесі баскеуде және құрсақ бөлімдерінен тұрады. Бунақты аяқтары түкті. Түксіз түрлері де болады. Күндіз су түбіндегі тастардың арасында тығылып жатады.
Қоректенуге түнге қарай шығады. Негізінен, көк жасыл балдырлармен қоректенеді. Көк жасыл балдырлар көбейіп кетсе, су бетін жауып қалады. Сонда, су ішіне оттегі кірмей, балықтар тұншығады әрі су сапасы төмендейді. Сондықтан, ондай балдырларды жеген көк жасыл теңіз шаяны табиғатқа орасан зор пайда келтіреді[1].
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Аруна баспасы. " 1100 қызықты деректер" Жануарлар.
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Paralithodes platypus |