Кәдімгі құралай
Кәдімгі құралай | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Carpodacus erythrinus (Pallas, 1770) | ||||||||||||||
Таралу картасы
| ||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||
Erythrina erythrina |
Кәдімгі құралай (лат. Carpodacus erythrinus) — Таушымшықтар тұқымдасының Құралайлар тегінің биологиялық түрі. Қазақстанда кездесетін құралайлардың ішіндегі қоқшыл түсті ең кішкене(17-30 г) денелісі.
Биологиялық сипаттамасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ересек аталықты басындағы және төсіндегі қауырсындардың қан қызыл реңі бойынша оңай тануға болады. Денесінің қалған үлескілері қызыл қоңыр түсті болып келеді. Аналықтары және өткен жылғы аталықтарының реңі - сұрғылт қоңыр. Аталығының әуені көбінесе сұрақ ретінде қайталанатын "Чечевицені көрдің бе?" деген әуезді қысқа ысқырық. Аналығы сайрамайды, алайда өткен жылғы аталықтар әжептеуір сайрайды.
Тек қана өсімдіктекті азықтармен қоректенеді.
Ұялау үшін ормандарды ғана емес, қалың өскен бұталарды таңдап, тауларды, субальпілік белдемге дейін көтеріледі. Қопсынған тостағанша тәрізді ұя бұтақтарға орналастырылады. Салындыдағы 4-5 сирек дақтары бар көгілдір жұмыртқаларды аналығы доғал жағынан 13-14 күн басады. Балапандарды ата-енелері 13-14 күн қоректендіреді. Ұшып кеткен ұялас балапандарды олар тағы аптаға жуық қамқорға алады.
Таралуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Еуразияның үлкен бөлігіне өте кең таралған. Қазақстанда орманды дала зонасында, ұсақшоқылық орманды үлескілерімен оңтүстік және шығыс тау ормандарында көп мөлшерде орын тебеді. Көктемде - мамырда, күзде - тамызда және қыркүйект��ң алғашқы жартысында ұшып өткенде Қазақстанның кез келген жерінен көзге түседі. Үндістанда және Азияның оңтүстік-шығысында қыстайды, сондықтан оның ұшып өтуі Қазақстанның бүкіл аймағы бойынша жақсы білінеді [2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ BirdLife International Carpodacus erythrinus. IUCN Red List of Threatened Species. Version 2013.2. International Union for Conservation of Nature (2012). Тексерілді, 26 қараша 2013.
- ↑ Құстар.Мектеп энциклопедиясы,2010,Ковшарь Анатолий Федорович,ISBN 978-601-282-168-0, 352 бет, Алматы: Атамура
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Carpodacus erythrinus |