Кәдімгі шырылдақ
Common grasshopper warbler | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Locustella naevia (Boddaert, 1783) |
Кәдімгі шырылдақ (лат. Locustella naevia) – Торғайтәрізділер отрядының Сандуғаштар Тұқымдасына жататын Шырылдақтар туысының ең әдеттегідей үйреншікті және кең тараған түрі. Қазақстанда жазықтарда да, тауларда да, Тәңіртауға субальпілік шалғынға дейін көтеріліп, шөптері биік орындарда қоныстанады. Бұл шырғалақ әсіресе бұтасы бар өлеңді және томарлы батпақтарда бойлай өте көп болады. Ұшып өтіп бара жатқан кезде, дегенмен бұл уақытта оның кез келген жерде – құрғақ шөлге дейін де кездесуі мүмкін.
Кәдімгі шырылдақ жоны – сұрғылт қоңырқай және бауыры – ақшыл, денесі – созылыңқы, құйрығының ұшы дөңгеленген кішкене, өте бұғыншақ құс. Шөптер мен бұталар сабағының арасынан ептеп сырғып өтіп, уақытының көпшілігін қалың өскен өсімдіктерде өткізеді, мұндайда бірде-бір шөп талы қыбыр етіп қозғалмайды. Көзді ашып-жұмғанша қалың нуға жасырынатындықтан, шөптер мен бұталар басынан сирек көзге түседі. Оның бар екенін әдетте чок, чек деген дауысы, сондай-ақ шекшектің шырылынан аумайтын әуені әшкерелейді. Ұясы қалың шөптің арасындағы жерден қазылған шұңқырда болады, оны тауып алу өте қиын. Салындыда 5-6 сирек секпілді қызғылттау ақшыл жұмыртқалар болады. Ұялау тіршілігі егжей-тегжейлі анықталмаған, жұмыртқалардың инкубациялық ұзақтығы да беймәлім. Кәдімгі шырылдақтар Қзақстан шегінен қыркүйектің соңынан да кетіп, сәуір-мамырда қайта оралады.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ BirdLife International Locustella naevia. IUCN Red List of Threatened Species. Version 2013.2. International Union for Conservation of Nature (2012). Тексерілді, 26 қараша 2013.
- ↑ Құстар.Мектеп энциклопедиясы,2010,Ковшарь Анатолий Федорович,ISBN 978-601-282-168-0, 352 бет, Алматы: Атамұра