Мазмұнға өту

Кәдімгі оңаза

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Tawny owl
Brown individual, probably of subspecies Strix aluco aluco
Brown individual, probably of subspecies Strix aluco aluco
Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1) [1]
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Strigiformes
Тұқымдасы: Strigidae
Тегі: Strix
Түрі: S. aluco
Екі-есімді атауы
Strix aluco
Linnaeus, 1758
Strix aluco sylvatica

Кәдімгі оңаза (Strix aluco) - шұбар реңді, орташа денелі (салмағы 700 грамға дейін, қанат алымы 1 м шамасында) жапалақ. Сонымен бірге географиялық таралуы жағынан айтарлықтай күшті байланысы бар сұр және қызғылт сарылау өзгермелі нұсқалары да бар. Аталықтар мен аналықтарының реңдері бірдей, дегенмен аналықтары аталықтарынан ірілеу болып келеді. Еуропада, азиялық таулар мен Солтүстік Африкада таралған. Қазақстанда оңтүстік және оңтүстік-шығыс тау бөліктерінде өмір сүреді. Барлық жерде тіршілігі ормандық биотоптарға байланысты. Өте ерте - наурыздың соңында және сәуірдің басында көбейе бастайды. Ұяларын ағаш қуыстарына немесе өзгеше пайда болған қуыстарға салады. Салындыдағы 2-4 (қорек мол болған кезде 8) ақ жұмыртқаны аналық бір ай басады. Бұдан соң ата-енелері балапандарды қанатына көтерілгенше тағы қоректендіреді. Отырықшы немесе ұзаққа көшпенділік жасамайтын құстар. Негізгі қорегі - тышқантәріздес кемірушілер.[2]

Басты олжалары Myodes glareolus көртышқаны

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. BirdLife International Strix aluco. IUCN Red List of Threatened Species. Version 2013.2. International Union for Conservation of Nature (2012). Тексерілді, 26 қараша 2013.
  2. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.