Күлтабан
Күлтабан – ортағасырлық шағын қаланың орны. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бірлік ауылының батыс жағында 5 км жерде орналасқан. Бұл төңіректе Төрткүл, Күлтабан деп аталатын шағын қалалардың орындары Шу өзенініңбойын қуалай бір-бірінен 10–15 км жерде орналасқан. Шу–Талас өңірлерінде қазір 200-дей «Төрткүлдер» белгілі болып отыр. Мұндай ескерткіштер Алтайдан Азов т-не дейінгі аралықта кең таралған. Күлтабанды 1948 ж. Орталық Қазақстан археология экспедициясы (жетекшісі Ә.Х.Марғұлан) зерттеген. Алынған көзелер, қыш ыдыстардың ерекшеліктеріне қарағанда оның тұрғындары б.з. 10–14 ғ-ларында өмір сүрген деп пайымдалады. Олардың суғармалы егін шаруашылығымен айналысқаны анықталды. Күлтабан қаласына одан бергі уақытта археология зерттеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Кейінгі жылдарда Шу мен Талас өңірлеріндегі (Ақтөбе, Ақсүмбе, т.б.) іздестіру жұмыстары барысында Күлтабан қазба материалдарына ұқсас заттар көптеп табылды. 10–14 ғ-ларда қалалардың пайда болуы, қалыптасуы, дамуы, олардың әкімшілік, сауда, қолөнер орт-тарының көлемдері, ішкі құрылыстары туралы, қорғаныс жүйесі жайында Күлтабан материалдары көп мағлұмат береді.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |