Мазмұнға өту

Красов Василий Миронович

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Красов Василий Миронович (26.6.1911 , Украина, Харьков қаласы) – биохимик, биология ғылымының докторы (1964), профессор (1971). Харьков малдәрігерлік институтын бітірген (1932). Мәскеу қаласындағы Бүкілодақтық эксперименттік ветенария институтында кіші, аға ғылыми қызметкер (1932-56), [[Қазақ малдәрігерлік ғылыми-зерттеу институтында лаборатория меңгерушісі (1956-78) қызметтерін атқарған. «Белки крови животных в норме и при некоторых заболеваниях (Электрофоретические иследования)» деген тақырыпта докторлық диссертациясые қорғаған. Негізгі ғылыми еңбектері мал биохимиясы мәселелеріне арналған. Красов 5 өнертабыстың авторы. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы. 1 том.