Мазмұнға өту

Контракциялық теория

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Контракциялық теория — жер шарының суынуына байланысты оның біртіндеп сығылысуы туралы теория. Кант-Лаплас гипотезасы бойынша, жердің орталық ядросының жоғары температурасы бар. Орталық ядроның сәуле таратып тұруы арқылы үздіксіз суынуы оның көлемінің кішіреюіне әкеп соғады. Осының салдарынан жердің қабығы үздіксіз кішіреюі керек, Жер бетінің үздіксіз кішіреюі қатпарлану, жоталар жасалу, жоғары ығысу, жабылу, қайтадан басылып қалу тағы басқалар. осындай құбылыстар тудыратын жер қабығындагы тангенңиальдық (бүйірлік) күштерді тудырады. Жер беті қатпарлар пайда болганда қысқарады; кейбір ғалымдардың есептеуі бойынша, Жер радиусі Альпы пайда болганда — 9 %-ке, Орал пайда болғанда — 12%-ке қысқарған. Қазіргі кезде тау жасалу процесі геосинклиналь теориясымен түсіндіріледі.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.