Кентау шұғыласы
«Кентау шұғыласы» газеті, «Кентау» газеті – Түркістан облысындағы тұңғыш басылымдардың бірі.
1927 жылы құрылған Ащысай кеніндегі еңбек пен жұмысшылар өмірін насихаттайтын басылым ретінде 1933 жылы қараша айында «’’Қаратау кеншілері’’» – «’’Горняки Каратау’’» газеті ашылды. Соғыс жылдары әрбір жетінші оқты шығарған Ащысай кеніндегі еңбекшілер ерлігі осы басылымда жарияланып отырды. Соғыстан кейін газет Ащысай полиметалл комбинаты парткомының органына айналды. 1956 жылы мамырда басылымның аты «’’Кентау правдасы’’» – «’’Кентауская правда’’» болып өзгеріп, оған И.Шүлембаев, Т.Қорабаев, М.Сосунов, А.Олейниковтар редактор болды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері ҚР Журналистер одағының мүшесі, «Оңтүстік Қазақстанның 2002 жылғы таңдаулы журналисі» Ағия Қуандыққызы Беркімбаева басқарып келеді.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Түркістан облысының энциклопедиясы, 4-том
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |