Мазмұнға өту

Карл Молдахметұлы Байпақов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Карл Молдахметұлы Байпақов
Туған күні

17 қараша 1940 (1940-11-17)

Туған жері

Талғар, Қазақ КСР, КСРО

Қайтыс болған күні

23 қараша 2018 (2018-11-23) (78 жас)

Азаматтығы

 КСРО
 Қазақстан

Ғылыми аясы

археология

Жұмыс орны

Ә. Х. Марғұлан атындағы археология институты

Ғылыми дәрежесі

тарих ғылымдарының докторы

Альма-матер

ЛМУ тарих факультеті (1963)

Ғылыми жетекші

К. А. Ақышев, В. М. Массон

Карл Молдахметұлы Байпақов (17 қараша 1940 жылы, Алматы облысы Талғар қаласы - 23 қараша 2018 жылы) – тарих ғылым докторы (19]]), профессор (1995), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (2003) және ҚР Әлеуметтік ғылым академиясының академигі (1996), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері (1998). Ленинград (1964, қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік университетін бітірген. Қазақстан Ғылым Академиясының Тарих, археологиялық және этнологиялық институтында кіші (1966–1971), аға ғылым қызметкер (1971–1973), бөлім меңгерушісі (1973–1988), археологиялық ортаның жетекшісі (1988–1991), институт директорының орынбасары (1991) қызметтерін атқарды. 1991 жылдан Археологияқ институтының директоры.[1]

Албан тайпасының Құсық руынан шыққан[2].

«Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың ортағасырлық қала мәдениеті (VІ–ХVІІІ ғасырлар)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Қазақстанның ортағасырлық қалалары тарихын, қала мен дала арасындағы өзара байланысты зерттеп, ғылымда жаңа бағытты дамытты. Байпақов бірнеше халықар. конференцияларға қатысты (Дрезден, 1984; Вашингтон, 1986; Токио, 1988; Париж, 1992; Пекин, 1992). ЮНЕСКО ұйымдастырған «Жібек жолы» халықаралық экспедициясына Қазақстан тарапынан жетекшілік етті (1991). ЮНЕСКО-ның Орт. Азия тарихымен айналысатын Халықар. ғылыми комитетті мен «Ұлы Жібек жолы» Қазақстан ұлттық комитетінің мүшесі. Байпақов 22 монография, 200-ден астам ғылыми мақаланың авторы. Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық лауреаты (1986). «Парасат» орденімен марапатталған.[3][4]

Шығармалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Средневековая городская культура Южного Казахстана и Семиречья, А.-А., 1986;
  • По следам древних городов Казахстана (Отрарский оазис), А.-А., 1990;
  • Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан, А., 1992;
  • История древнего Казахстана, А., 1994;
  • Средневековые города Казахстана на Великом Шёлковом пути, А., 1998;
  • Туркестан – очаг цивилизации, А., 2000.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
  2. http://www.emirsaba.org/pars_docs/refs/9/8452/8452.pdf Мұрағатталған 25 қазанның 2018 жылы.
  3. Қазақ Энциклопедиясы
  4. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2