Йиржи Поливка
Йиржи Поливка | |
чех. Jiří Polívka | |
Туған күні |
Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value). |
---|---|
Қайтыс болған күні |
21. 3. 1933 |
Қайтыс болған жері |
Прага |
Азаматтығы | |
Ұлты |
чех |
Қызметі |
фольклорис |
Поливка Йиржи (6. 3.1858, Австрия, Энс,—21. 3. 1933, Прага) — чех фольклорисі, лингвист, әдебиет тарихын зерттеуші. Чех ғылым және өнер академиясының корр. мүшесі (1895), Петербург ғылым академиясының корр. мүшесі (1901). Фольклорды салыстырмалы-тарихи әдіс арқылы зерттеу мектебі бағытында болды. Орыс ғалымдары А. Н. Пыпин, Н. С. Тихонравов, А. Веселовскийдің тәжірибелерін сынап көрді. Славян халықтарының ертегілері туралы күрделі еңбектер жазды. Әсіресе словак, оңтүстік македон ертегілері жайлы зерттеулері құнды. Поливка Йиржи өмірінің соңғы кезінде славян ертегілерінің көркемдік жағын зерттеді («Славян ертегілері», 1932).Ол орыс фольклоры мен этнографиясы жайлы үнемі рецензиялар жазып, өз пікірін жариялап тұрды. Поливканың лингвистика мен әдебиет тарихынан да бірсыпыра еңбектері бар.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Совет Энциклопедиясы,9 том