Мазмұнға өту

Иоанн Росцелин

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Иоанн Росцелин (Johannes Roscelin; 1050 - 1120 ж. ш.) - француз философы, теолог, номинализмнің бірінші ірі уәкілі.

Компьеннен (Франция) шыққан орта ғасыр схоласы, каноник, логика пәні мұғалімі. Шығармалары сақталмаған. Бірақ Кентербериялық Ансельм және Абелярдың айтысымен, Иоанн Росцелиннің аты қасиетті троицаны үш құдайдың - әке құдайының, бала құдайының жиынтығы деген күпірлі түсіндірмесімен әйгілі. Бұл "үштеистік" ілімді шіркеу айыптаған соң, Росцелин одан Суассоне соборында (1092) бас тартуға мәжбүр болды.

Росцелин орта ғасырлық философиядағы номиналистік дәстүрдің негізін қалаушылардың бірі Ансельмнің айтуына қарағанда, жалпы ұғымдар, ол үшін, тек есім, атаулар, "ауаның жаңғырығы"(flatus vocis)[1] ғана. Росцелин пікірінше, дүниеде сезіммен қабылданатын жекелеген заттар ғана бар. Оның шығармаларынан Абелярға арналған бір хат сақталған[1].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Философиялық сөздік / Р.Н. Нұрғалиев, Ғ.Ғ.Ақмамбетов, Ж.М.Әбдільдин,т.б.- Алматы:Қазақ энциклопедиясы, 1996.- 526