Интендант
Интендант (франц. intendant басқарушы, меңгеруші) — қарулы күштердегі әскерді азық-түлікпен, жемшөппен, заттай және жүк тасымалдау-шаруашылық мүліктерімен жабдықтауды баскаратын, сондай-ақ жеке құрамды пәтермен және тұрмыстық жабдықтауды ұйымдастыратын лауазымдық тұлға. Кейбір армияларда бір кездерде интенданттар әскерлерді ақшалай және басқа да қамтамасыз етумен айналысқан. Интендант мемлекеттің басқару жүйесіндегі лауазымдық тұлға ретінде алғаш рет 15 ғасырда Францияда пайда болған. Олар мемлекет қызметінін жекелеген салаларын (әскери және теңіз қызметін, сауданы, қаржыны, әділет органдарын және т.б.) басқаратын. Кейінірек провинцияларды басқарып, 17 ғасырда ғана соғыс кезінде армия Интенданты деген атаққа ие болды. 19 ғасырдан бастап интенданттар әскерді жабдықтауды ғана басқаратын болды. Ресейде 1801-1808 жылдары комиссариаттық және провианттық (азық-түлік) департаментін қатар басқаратын генералинтеңдант лауазымы болған. 1864 ж. орыс армиясында интендант лауазымдары (бас, округтік, армиялық, ал сәғыс кезінде — корпустық және дивизиялық) құрылды. 19 ғасырдың 80 жылдарынан бастап корпустық интендант, ал 1911 жылдан — дивизиялық болып құрамалар басқармаларының штатына енгізілді. Бұл лауазымдар Бірінші дүниежүзілік соғыста да сақталды. Қазан тәңкерісінен кейін Интендант лауазымдары қысқартылды. Олардың кызметін Кеңес армиясында әскеришаруашылық қызметінің бастықтары атқарды. 1940 жылы Қызыл армияның бас интенданты, әскери округ интенданты, армия интенданты атты және басқа лауазымдар құрылды. Оларға азық-түлікпен, затпен, жүк тасымалдау және шаруашылық мүліктерімен жабдықтау және пәтерлік-эксплуатациялық кызметтердің жұмысын басқару жүктелді. 1955 ж. қайта ұйымдастыру кезінде бұл лауазым қысқарды. 1958 ж. Қорғаныс министрлігінің бас интенданты лауазымы қайта құрылды.
Интенданттық қызмет
[өңдеу | қайнарын өңдеу](Интендантская служба) — қарулы күштердегі әскерді азық-түлікпен, жемшөппен, заттай және тасымалдау-шаруашылық мүліктермен жабдықтауды басқаратын, сондай-ақ жеке құрамды пәтермен және тұрмыстық қамтамасыз етуді ұйымдастыратын қызмет. Бір кезеңдерде кейбір армияларда Интенданттық қызмет медициналық, малдәрігерлік мүліктермен, ақшалай қаражаттармен жабдықтауды басқаратын. Интенданттық қызмет құрамына, әдетте, басқару органдары мен әр түрлі интенданттық мекемелер (қоймалар, шеберханалар, наубайханалар) кіретін. Интенданттық қызмет 17 ғасырда Францияда пайда болған. Сол кезде Францияда әкімшілік билікке ие және әскерлерді соғыс кезінде жабдықтауды басқаратын армия интенданттары мен әскери комиссарлар болған. Ресейде интенданттық қызметті I Петр 1700 ж. құрған. 1798 ж. орыс армиясында комиссариаттық және провианттіқ (азықтүліктік) департаменттер құрылды. Оларды 1801-1808 жылдары генерал-интендант басқарған. 1935 ж. атқаратын міндетгерінің қиындауына байланысты әскери-шаруашылық жабдықтау қызметі: азық-түлікпен және жүк тасымалдау-затпен жабдықтау болып екіге бөлінген. 1940 ж. бас интенданттық басқарма құрылды. Кейбір ірі державалардың (АҚШ, Ұлыбритания) қарулы күштерінде интендантгық қызмет міндетгерін квартирмейстрлік, әкімшілік және басқа қызметтер атқарады. Кейбір елдердің армияларында (Австрия, Испания және басқа) интенданттық қызмет қазіргі уақытта да бар.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|