Имек астрагал
Қазақстандағы ең үлкен туыстың өкілі (308 түр), шөл аймағына тән мекендеуші, Үстірт және Арал маңынан бастап, Зайсан ойпатына дейінгі аралықта кездеседі, құм төбелерінде, тақырлардың жиегінде және сортаңды шөл далаларда өседі, бұл көпжылдық өсімдіктің биіктігі 20-35 см басқа көптеген астрагалдар сияқты сабақсыз, тек жапырақтар шоқтанып шығады. Және жапырақсыз гүл беретін мүшелері ұш жағындағы босаң шошақ тәрізді шоғырланған. Жапырағы күрделі қауырсынды, мықты сағақты және 7-12 жұпты үлкен дөңгеленген жапырақшалармен (ұзындығы 1-2 см). Гүл беретіндері қысқа, бірақ гүлшоғырымен бірге жапырақтармен теңеседі. Гүлдерінің саны 15-25, таспа тәрізді гүлжапырақтарымен және қысқа онша байқала қоймайтын гүлтабанымен қамтылған. Тостағанша күлтеден екі есе қысқа өсіңкі жапырақты түтікті, қысқа тісшелі. Күлтесі сары, үлкен жалауымен (3 см үлкендеу) және терең тарамдалған, қайықша тақталы, жалаудан едәуір қысқа. Түр сәуірде, мамырда гүлдейді, әдетте мамырда жеміс береді. Жемісі ұзынша үрме бұршақ, ұзындығы 2 см-ге жуық, ұш жағында тұмсығы бар және қатты терілі қабаты бар. Имек астрагал шаруашылық мақсатта малдың барлық түрі үшін жақсы мал азығы. Декоративті өсімдік ретінде қызығушылық тудырады. Жер үсті бөлігінен даярланған дәрі-дәрмектің қан қысымын азайтатын қасиеті бар.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]"қазақстанның өсімдіктер әлемі" энциклопедиясы