Иван Павлович Бардин
Көрініс
Бардин Иван Павлович (13.11.1883, Саратов губерниясы Широкий Уступ селосы — 7.1. 1960, Мәскеу) — ғалым, КСРО ғылым академиясының академигі (1932).
- Киев политехникалық институтын бітірген (1910).
- 1929 — 1936 жылдары Кузнецк металлургия комбинатын салу жұмысын басқарды.
- 1937 — 1939 жылдары Қара металлургия халкоматында басшы қызметтер атқарды.
- 1939 — 1944 жылдары КСРО ғылым академиясының Металлургия институтының директоры
- 1944 жылдан Орталық қара металлургия ғылыми-зерттеу институтының (1960 жылдан Бардиннің есімімен аталады) директоры, КСРО ғылым академиясының вице-президенті (1942) болды.
- Ұлы Отан соғысы жылдары Орал мен Қазақстанның экономикалық ресурстарын Отан қорғау мүддесіне пайдалану жөніндегі мемл. комиссияның төрағасы болды.
Еңбектері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі ғылыми еңбектері металлургия мәселелеріне арналған. Ол қуатты әрі толық механикаландырылған жаңа металлургия зауытының жобасын, сондай-ақ мейлінше жетілдірілген металлургиялық агрегаттар жасау, оттектің қатысуымен өтетін процестерді жеделдету, оттек әсерімен металлургиялық шикізаттардың жаңа түрлерін жан-жақты пайдалану жөнінде іргелі зерттеулер жүргізді.
Марапаттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Социалистік Еңбек Ері (1945).
- Лениндік сыйлық (1958)
- КСРО мемлекеттік сыйлығы (1942, 1949) лауреаты.
- 7 рет Ленин орденімен және медальдермен марапатталған.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шығармалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Избр. тр., М., 1963 — 68, т. 1 — 2.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |