Мазмұнға өту

Зернук

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Зернук, Оксус, Весидж — Қазақстанда 1-15 ғасырлар аралығында болған, ұлы ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби дүниеге келген қала.[1] Орны Түркістан облысы, Қызылқұм ауданындағы Маяқұм ауылынан солтүстікке қарай 5 км жерде. Қала алғашқыда Весидж болып аталған. Ал ғылыми әдебиеттерде Оксус қаласы ретінде белгілі. 13 ғ-дан бастап Зернук деген атқа ие болды. Зернук қаласының атауы алғаш рет армян патшасы Гетумның 13 ғ-дың ортасында Қарақорымдағы Мөңке хан сарайына келген елшілігі туралы жолжазбаларында хатқа түскен (қара Гетум елшілігі). Әбу Абдаллах Хорезмидің жазбаларына қарағанда, “Зернук” — сол заманғы су көтеретін шығырлардың бір атауы.[2] Қала орнында жүргізілген зерттеулер мұнда дамыған шығырлы егіншілік жүйесінің, бірнеше шығыр шұңқырларының болғанын анықтады. Осыған қарағанда Хорезми пікірлері талас тудырмайды. Қала мен оның айналасындағы кішірек қоныстар суды 7 км жердегі Ақарық каналынан алған.[3] Қазір қала орны бес бұрышты төбе түрінде сақталған. Қала орнын 1900 жылы Н.В. Руднев, 1947 жылы А.Н. Бернштам зерттеп, 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан археол. экспедициясы (жетекшісі К.Ақышев пен К.Байпақов) қазба жұмысын жалғастырды.[4]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
  2. Агеева Е.И., Пацевич Г.И., Из истории оседлых поселений и городов Южного Казахстана. //Труды ИИАЭ АН Казахской ССР, А.-А., 1958, т. 5;
  3. Археологическая карта Казахстана, А.-А., 1960.
  4. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2