Жылнамалар жинағы
Жылнамалар жинағы – 1602 жылы Қадырғали Жалайыр жазған ортағасырлық тарихи шығарма. Еңбекте Рашид ад-Диннің "Жамиғ ат-Тауарих" шығармасының қысқаша мазмұны және Борис Годунов билігінің сипаттамасы, Алтын Орда тарихына қатысты дастандар берілген.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қадырғали Жалайыри Қазақ хандағының Орда сарайында хан кеңесшісі және ханзадалардың тәрбиешісі болып қызмет істеген. 1588 жылы қазақ ханзадасы Ораз-Мұхаммед сұлтанмен бірге Ертіс бойында қаршыға салып жүргенде оларды орыс әскелері тұтқындап, Мәскеууге алып кетеді. Жалайыри тұтқында отырып жазған Жылнамалар жинағы атты еңбегін достықтың белгісі ретінде орыс патшасы Борис Годуновка сыйға тартып, оның қамқорлық жасауын өтінген. 1854 жылы Қазан қаласында баспадан шыққан XV- XVII ғасырлар-осы Қадырғали Жалаиыри жазған Жылнамалар жинағы еді. Шығарма-құралымы,тілі жағынан бірегей дүние. Қ.Жалайыридың дерегі бойынша орыс патшасы Борис Годунов Ораз-Мұхаммед 1602 жылы Қасым хандығының тағына отырғызған. Ораз-Мұхаммед Керман қаласында отырып, биілік еткен. Хандықтың халқы арғын, қыпшақ, жалайыр, маңғыт т.б. ру-тайпалардан тұрған.
Бұл тарихи шығармада қазақ халқының қоныс тепкен жерлері, ондағы қалалар мен қала мәдениеті, Қазақ хандығы мен қазақ хандарының өмірбаян шежілері айтылады. Хан, сұлтандар мен қарашалар, батырлар мен абыздар және басқа әлеуметтік топтар туралы жазылған. Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайлары, заң ережелері жайында ғылыми құнды деректер берілген.
Шежіренің құрамы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Жылнамалар жинағы» - орта ғасырдағы қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи шығармалардың бірі. Мұнда қазақ хандығының Х ғасырдың басынан бергі ішкі-сыртқы жағдайлары, қазақ тайпаларының халық болып қалыптасуы, оның халықаралық жағдайлары, хандардың және олардың төңірегіндегі түрлі әлеуметтік топтардың саяси ахуалдары жөнінде аса құнды мәліметтер берілген.
Еңбек үш бөлімнен тұрады:
- Борис Годунов билігін бейнелеу.
- Рашид ад-Диннің «Джами ат-Таварих» атты еңбегінің қысқаша аудармасы.
- Орыс ханның Оразмұхаммед сұлтанға дейінгі қысқаша аудармасы.
Бұларға қосымша алтынордалық ірі қайраткер Едіге батыр жайында дастаны берілген. Жалпы еңбек қай сұлтанның, қай ханның қай жерде шаһит болғанын, жерленгенін көрсетуімен де құнды.
Маңызы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қадырғалидың бұл шежіресі ертедегі қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи еңбек екені аян. Ғұлама ғалым Шоқан Уәлиханов бұл кітаптың аңыздан гөрі ақиқаты басымырақ деп бағалаған. Оразмұхаммед пен Қадырғали бастаған қазақтардың Ресейде болу оқиғасын көрнекті жазушы М.Мағауин «Аласапыран» атты романында кең және көркем баяндаған. Сонымен қатар академик Әлкей Марғұлан 1981 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде жарық көрген «Күміс сандық құпиясы» атты мақаласында Қадырғалиға аса жоғары баға берген. Соңғы кездері аталған еңбекті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры М.Қойгелдиев арнайы зерттеп жүр. «Жылнамалар жинағының» жалғыз көшірме данасын Қазан университеті кітапханасына татар ғалымы И.Халфин тапсырған. Сол көшірмені шығыс қолжазбалар жинағына бастырған профессор И.Березин былай деп алғы сөз жазыпты: «Біз шығармаға қандай ат берілгенін білмейміз, бірақ кітаптың негізгі бөлігі Рашид ад-Диннің әйгілі туындысының қысқаша аудармасынан тұрғандықтан, біз оның атын да қолжазбамызға бере аламыз». Сөйтіп ол Қадырғали еңбегін оның нағыз аты анықталатын көшірмесі табылғанша «Джами ат-Таварих» - «Жылнамалар жинағы» деп атауды ұсынған. Тарих ғылымының докторы, профессор М.Қойгелдиев 1994 жылы жарық көрген «Қазақ тарихы» журналында «Өкінішке орай, қолжазбаның кейінірек Петербордан табылған екінші көшірмесінде де еңбектің автор берген аты жоқ болып шықты да, ол сол «Джами ат-Таварих» - «Жылнамалар жинағы» атанған күйінде қала берді. Бұл жағдай тарихшы ғалымдар арасында Қадырғали еңбегінің дербес деректік мәнін тура бағалауға едәуір кедергі жасады, басқаша айтқанда, оны Рашид ад-Дин жұмысының түрікше нұсқасы ретінде ғана қарауға негіз болды» дейді.[1] [2]
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]