Мазмұнға өту

Жембойлық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

ЖембойлықУкраинаның оңтүстігінде Днепрдің сағасы мен Қырым түбегінің арасындағы тарихи аймақ - қазір Херсон мен Запорож облыстарының аумағы[1]. XVIII ғасырда осы аймаққа өз атын берген ноғай ордасының бірі мекендеді (орданың тағы бір атауы - Перекоп ордасы). XVII ғасырдың басында бұл ноғай ордасы қазіргі батыс Қазақстан даласында Ембі өзенінің жағасында көшіп-қонып жүрді (сондықтан ноғайлардың Жембойлық атауы: «Жем/Йем» - Ембі, "бой" - жағалау, "-лық" - жинақтық аффикс), бірақ басқа ноғайлар сияқты Хо Ұрлұқ қалмақ шапқыншылығынан Еділге (1628), ал 1715 жылы Қобанға қоныс аударуға мәжбүр болды. Кейіннен, едисандар сияқты, жембойлық ордасы 1728 жылы қазіргі оңтүстік Украинаның жеріне Қырым хандарының қорғауымен пана тапты. 1770 жылы Жембойлық Ресейге қосылғаннан кейін, 1771 жылы ноғайлар Солтүстік Кавказға (Моздоктың солтүстігі) көшіп[2], бұл аймақ Жаңаресей құрамына кірді.

Қырыммен қатынасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

XVIII ғасыр бойы Жембойлық қырым ауданы болды. Аумақты серәскер - Қырым ұлығы басқарды. Орда жылына бір рет Құрбан айт мерекесін Бақшасарайда тойлауға депутат жіберіп отырды. Соғыстар кезінде жембойлықтар жорыққа 3 мыңға дейін атты әскер жіберіп отырды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Украинша Жабайы Батысты игеру. Басты дереккөзінен мұрағатталған 7 желтоқсан 2009.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 12 шілде 2008.
  2. 1777-1783 ЖЫЛДАРЫ НОҒАЙ ТАТАРЛАРЫНА ҚАРСЫ ДОНТТАРДЫҢ ӘСКЕРИ ӘРЕКЕТТЕРІ. DrevLit.Ru - библиотека древних рукописей. drevlit.ru. Тексерілді, 13 ақпан 2020.