Жармахан Айтбайұлы Тұяқбай
Көрі��іс
Жармахан Айтбайұлы Тұяқбай (22 қараша 1947 жыл Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Энгельс атындағы кеңшары) - Қазақстан мемлекет қайраткері, Заң ғылымдарының кандидаты (1996).
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шанышқылы тайпасы Көрік руынан шыққан.[1]
- С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1971), заңгер.
- Заң ғылымдарының кандидаты (1996). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстан Республикасының прокуратурасы мемлекеттік-құқықтық реформа кезеңінде».
- 1963-1966 жылдары - Шымкент облысы Ленин ауданының Энгельс атындағы кеңшарында жұмыс істеген.
- 1971 жылдан - Шымкент облысының Арыс қалалық прокурорының көмекшісі.
- 1972 жылдан - Шымкент облысының соттарда қылмыстық істердің қаралуын бақылау жөніндегі прокурорының көмекшісі.
- 1975 жылдан - Шымкент облыстық прокуратурасының тергеу бөлімінің бастығы.
- 1978 жылдан - Қазақстан Компартиясы Шымкент облыстық комитетінің әкімшілік және сауда-қаржы органдары бөлімінің нұсқаушысы.
- 1980 жылдан - Қазақстан Компартиясы Шымкент облыстық комитетінің бірінші хатшысының көмекшісі, әкімшілік органдары бөлімінің меңгерушісі.
- 1982 жылдан - ҚазКСР прокурорының орынбасары.
- 1987-1990 жылдар аралығында - Маңғышлақ, Гурьев облыстарының прокуроры.
- ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Гурьев облысының №70 Индер сайлау округінен сайланған халық депутаты (1990-1994) Заңнама, заңдылық және құқық тәртібі мәселелері жөніндегі комитет төрағасының орынбасары.
- 1990 жылдан - ҚазКСР бас прокуроры (1991 жылдың желтоқсанынан - Қазақстан Республикасының).
- 1995 жылдан - ҚР Мемлекеттік тергеу комитетінің төрағасы.
- 1997 жылдан - Бас прокурордың орынбасары - ҚР Бас әскери прокуроры.
- 1999 жылдан ҚР Парламенті Мәжілісінің 2-ші шақырылымының депутаты (Түркістан облысының №57 Сарыағаш сайлау округінен). ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы.
- 2004 жылдан - саяси оппозицияда.
- 2005 жылдың наурызынан «Әділетті Қазақстан үшін» Демократиялық күштер блогы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы.
- 2005 жылы желтоқсанда өткізілген сайлауларда осы қозғалыстың атынан ҚР Президенттігіне кандидат болған.
- 2006 жылдан бері - Жалпы ұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) төрағасы. ҚР Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі (2000-2004).
Ғылыми еңбектері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- «Қазақстан прокуратурасының мемлекеттік-құқықтық реформа кезеңіндегі дамуы» (1997)
- «Қылмыстық әділет саласындағы ҚР мемлекеттік саясатының құқықтық негіздері» (2004) атты кітаптардың және 30 ғылыми жарияланымның авторы.
Марапаттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- II дәрежелі «Барыс» ордені
- КСРО және ҚР көптеген медальдарымен марапатталған.
- КСРО прокуратурасының Құрметті қызметкері.
- Әділет генерал-полковник. 1-ші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі.
Отбасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Әкесі - Тұяқбаев Айтбай (1902-1978), ұжымшаршы болған. Анасы - Тұяқбаева Тыным (1925-1994).
- Үйленген. Жұбайы - Аптаева Бағила Нығметқызы (1949 жылы туған), математик. Қызы - Әзиза (1973 жылы туған); үлдары - Шыңғыс (1974 жылы туған); Әділжан (1977 жылы туған).[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Шанышқылы: Ұрпақтар сабақтастығы. Алматы. Тоғанай баспасы. 2012. 492 бет. ISBN 978-601-7007-86-7. Жауапты шығарушы Мырзахан Ахметов. Редакция алқасы: Тілеуқұл Өмірзақов, Әбдуәлі Данай және тб. 1,2 кітап.
- ↑ Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Санаттар:
- 22 қарашада туғандар
- 1947 жылы туғандар
- Қазығұрт ауданында туғандар
- Заң ғылымдарының кандидаттары
- Қазақстан заңгерлері
- Қазақстан ғалымдары
- Барыс орденінің иегерлері
- Достастық орденінің иегерлері
- Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің депутаттары
- Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің төрағалары
- Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары
- Қазақстан Бас Прокурорлары
- Қазақстан прокурорлары
- Қазақстан Президенттігіне кандидаттар