Мазмұнға өту

Жаркөл (көл, Атбасар ауданы)

Координаттар: 51°32′9″N 68°0′32″E / 51.53583°N 68.00889°E / 51.53583; 68.00889
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Жаркөл
Морфометрия
Теңiз деңгейiнен биіктігі327 м
Өлшемі4,8 × 3,7 км
Ауданы12,6 км²
Орналасуы
51°32′9″N 68°0′32″E / 51.53583°N 68.00889°E / 51.53583; 68.00889 (T)
Ел Қазақстан
АймақАқмола облысы
АуданАтбасар ауданы
Жаркөл
Жаркөл (көл, Атбасар ауданы) (Ақмола облысы)
Жаркөл
 Басқа мағыналар үшін Жаркөл деген бетті қараңыз.

ЖаркөлЕсіл алабындағы тұйық көл.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ақмола облысы Атбасар ауданы Қосбармақ ауылының оңтүстік-батысында 3 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 327 м биіктікте.

Гидрографикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аумағы 12,6 км2, ұзындығы 4,8 км, енді жері 3,7 км, жағалау бойының ұзындығы 13,9 км. Солтүстігінде бірнеше ұсақ көлдер бар. Есіл өзенінен бөлініп шығатын Бадамша-Қарасу уақытша арнасымен толығып отырады. Қарашаның басында суы қатып, сәуірде ериді. Жағалауын қамыс, қоға шөптесін өсімдіктері басқан. Суы тұщы, мал шаруашылығына пайдаланылады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5