Жан Жорес

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Жорес Жан(3 қыркүйек 1859 жыл, Кастр, - 31 шілде 1914 жыл, Париж) – француз және халықаралық социалистік қозғалыстың қайраткері, милитаризм мен соғысқа қарсы күрескер, тарихшы. Буржуазиялық отбасыда дүниеге келді.

Қызмет жолы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1881 жылы «Эколь нормальды» бітіріп, университетте философиядан сабақ берді. Депутаттар палатасына сайланды (1885 – 89 жылы). 1893 – 98 жылы және 1902 – 14 жылы парламент депутаты. 90 жылдардың басынан бастап Жорес француз социалистік қозғалысының белсенді қайраткері болды. Алайда ол француз жұмысшы қозғалысындағы және 2 – Интернационалдағы теориялық және практикалық мәселелерде көбінесе реформистік бағыт ұстап, халықаралық жұмысшы қозғалысы сол қанатындағылардың әділ сынына ұшырады. 1905 жылы Біріккен социалистік партияның оң қанаты жетекшілерінің бірі. Сөйткенмен социалистік қозғалыста жіберген қателеріне қарамастан, Жорес реакция күштері мен соғыстың қас жауы болды.

1904 жылы "Юманите" газетінің негізін қалады (1920 жылдан ФКП орталық мүшесі). 1905 – 07 жылғы 1 – орыс революциясын жақтады. Жорес бейбітшілік саясатын қорғап, соғыс өртін тұтандырушы империалистік буржуазияны батыл әшкереледі. Жорес күресі реакциялық топтағылардың өшпенділігін туғызып, ол 1 – дүниежүзілік соғыс қарсаңында француз шовинисінің қолынан қаза тапты. Жорес әрі ірі тарихшы және публицист еді. 4 томдық «Ұлы француз революциясының тарихын» және «Франк – прусс соғысының тарихын» жазды. В. И. Ленин жоресизмді сынаған кезден оның кіршіксіз адалдығы мен батылдығын, ақ жүрек ізгі ниетін ұмытпауды ескертті.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976 ж. 9 том