Мазмұнға өту

Жанайдар Садуақасов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
 Басқа мағыналар үшін Садуақасов деген бетті қараңыз.

Жанайдар Садуақасов (1898, Ақмола уезі Сарысу болысы Төссаз ауылы (қазіргі Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Түгіскен елді мекені)-1938) - Қазастанда Кеңес өкіметін орнатуға белсене катысушы, партия, кенес және мемл. қайраткері.[1]

  • Ақмола қаласындағы орысша оқытатын приход. мектебін (1916)
  • Омбыдағы ересектерге арналған гимназияны (1919) бітірген.

С. Сейфуллин, А.Асылбеков, Д.Әділов т.б. азаматтармен бір ниетте, қазақ халқының бостандығы мен тендігі жолында аянбай күрес жүргізеді. 1919 ж . Омбы большевиктерінің басшылығы мен жұмыс істеген «Қазақ жастарының демократиялық кеңесі» астыртын ұйымын басқарады. Колчак бұғауында жатқан С.Сейфуллин, А.Асылбеков, Ж.Нұркин, Б.Серікбаевтарды құтқару жолын іздеп, оларды хат-хабар арқылы рухтандырып отырады. Ақыры С.Сейфуллинге түрмеден қашуға жәрдемдесіп, оған жалған құжат жасап береді. Бұл оқиға С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романында жазылды.

Садуақасов өзінің қысқа ғұмырында лауазымды қызметтер атқара жүріп халқына адал қызмет етті.

  • 1919-1922 ж. Ақмола уезінде халық соты, уездік РК(б)П-ның нұсқаушысы, уездік халық ағарту бөлімінің меңгерушісі, уездік және губерниялық атқару комитетінің жауапты хатшысы қызметтерін атқарады.
  • Өзінің іскер азамат екенін таныта білген Садуақасов Қазақстанның сол кездегі астанасы Орынбор қаласына қызметке шақырылады. 1922-1937 ж. Қырғыз (Қазақ) АКСР ОАК-тің жауапты хатшысы, Адай уезі кревком төрағасы, КазАКСР финанс халкомының орынбасары, Қазақ республикасының астанасы Қызылордаға ауысқан кезде Сырдария губаткомының төрағасы, әділет халкомы қызметтерін және республика прокуроры, БК(б) П Қазақ өлкелік комитетінің мәдениет-насихат бөлімінің меңгерушісі, транспорт жөніндегі хатшысы, өлкелік партия комитеті сауда бөлімінің меңгерушісі;
  • 1936 ж . ҚазКСР Халкомсовы төрағасының бірінші орынбасары, әрі « Социалистік Қазақстан» газетінің бас редакторы, Алматы облысы және қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарды.

Қоғамдық қызметі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Садуақасов 1922 жылдан ҚазақАКСР ОАК-нің мүшесі;
  • 1929 жылдан БК (б) П Қазақ өлкелік комитетінің Бюро мүшесі;
  • 1937 ж. Қазақстан К(б) ПОК- нің 1-пленумында Бюро мүшелігіне сайланды.

Садуақасов өзінің адал да еңбекқор, туған халқының болашағы үшін аянбай еңбек ететін, нағыз елін шын сүйген азамат екенін таныта білді. Әділет халкомы және респ. прокуроры қызметін аткару кезінде зан актілерін халық мүддесіне икемдеуге, заң кадрларын дайындауға, әйелдерді заң қызметіне тартуға баса көңіл бөлді. Жетім балалар үйлерін, ұлттық мектептер ашуға белсене кірісті. Әсіресе тұңғыш қазақ театрының ашылуына тікелей ықпал етті. Байларды тәркілеу саясатына ашық қарсы болып, өлкелік партия комитетінің ІХ пленумында сөз сөйледі.

  • 1932 ж. О. Жандосовпен бірге халықты аштықтан құтқару жөніндегі арнайы комиссияны басқарды. Садуақасов адал да іскер, туған халқының болашағы үшін басын бәйгеге тіккен қазақ зиялыларынын алдыңғы сапында болды.

Өмірінің соңы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • 1937 ж . 17 қыркүйекте қамауға алынып, әміршіл-әкімшіл жүйе ұйымдастырған «халық жауы» деген жалған жаланын құрбаны болып, 1938 ж. 25 ақпанда атылды.
  • 1957 ж . 16 сәуірдегі КСРО Жоғарғы Сотының шешімімен ақталды.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Бас прокурор әрі әділет министрі: Отыз жасында екі бірдей қызметті атқарған Жанайдар Сәдуақасов туралы не білеміз Мұрағатталған 6 қыркүйектің 2019 жылы.
  2. Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5