Мазмұнға өту

Жамбыл Сәулебекұлы Ақылбаев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Жамбыл Сәулебекұлы Ақылбаев
Лауазымы
Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры
1991 — 2003
Ізашары Биғалиев Айтқожа
Ізбасары Көбеев Еркін
Атырау педагогикалық институтының ректоры
1986 — 1991
Ізашары Күнхожаев Нәжіман
Ізбасары Табылдиев Хисмет
Өмірбаяны
Дүниеге келуі 27 шілде 1938 (1938-07-27)
Ақсу-Аюлы, Шет ауданы, Қарағанды облысы, Қазақ КСР
Қайтыс болуы 30 қараша 2007 (2007-11-30) (69 жас)
Қарағанды
Марапаттары
ҚР Білім беру ісінің құрметті қызыметкері

Жамбыл Сәулебекұлы Ақылбаев (27 шілде 1938, Ақсу-Аюлы, Шет ауданы, Қарағанды облысы, Қазақ КСР - 30 қараша 2007, Қарағанды) — ғалым-физик, техника ғылымының докторы (1996), профессор (1990), Халықаралық Жоғары мектеп ғылым академиясының академигі (1997), Университет ректорларының халықаралық ассоциациясының мүшесі (1996), Орталық Қазақстан жоғары оқу орындары ректорлары аймақтық кеңесінің төрағасы (1996).

Ақылбаев Жамбыл Сәулебекұлы 1938 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылында дүниеге келген.[1] Арғын тайпасы, Қаракесек руының Керней бұтағынан шыққан.

1950-1960 жылдары Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы селосы орта мектебінде оқыған.

1960-1965 жылдары Қарағанды Мемлекеттік педагогика институты физика – математика факультеті, физика және жалпы техникалық мамандығы бойынша оқыған.

1965-1968 жылдары С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген.

1960-1963 жылдары Қарағанды педагогикалық институтында, кейін 1972 жылдан Қарағанды Мемлекеттік университетінде стажер-зерттеуші, оқытушы.

1963-1986 жылдары кафедра меңгерушісі, деканның орынбасары, физика факультетінің деканы, университеттің ғылыми жұмыстар жөніндегі және оқу ісі жөніндегі проректор қызметін атқарған.

1986-1991 жылдары Атырау педагогикалық институтының ректоры қызметтерін атқарды.[2]

1991-2004 жылдары Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры болған.

2005 жылдың ақпан айында оның бастамасымен «Академик Ж.С.Ақылбаев атындағы Балқаш өзекті білім беру колледжі» құрылды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің, Қарағанды, Гурьев қалаларының облыстық кеңесінің халық депутаты болды.

2015 жылы Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылында мектеп-гимназиясына есімі берілді.

Қоғамдық жұмыс

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1993-94 жылдары 12-шақырылған ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.

Физика-математика ғылымдары кандидаты (1970), техника ғылымдарының докторы (1996), академик.

70-тен астам ғылыми және ғылыми әдістемелік жұмыстардың авторы, өнер табысы үшін 10-ға жуық авторлық куәлік алған. Негізгі ғылыми еңбектері денелердің гидроаэродинамикасы мен жылу алмасуы мәселелеріне арналған. Ақылбаевтың қатысуымен ұшатын аппараттардың аэродинамикалық өңдеуін өлшеудің жаңа технологиясы жасалды, ол Орталық аэрогидродинамикалық институтпен бірлескен зерттеулерде колданылды.

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» медалі (1957), «КСРО білім саласындағы үздік жетістіктері үшін» төс белгісі (1982), «Жігерлі еңбегі үшін» Бүкілодақтық «Білім» қоғамы басқармасының марапаты (1983), «Еңбек ардагері» медалі (1985), «Астана» медалі (1998), «Парасат» ордені (1998), «Еңбектегі жетістіктері үшін» Жоғары мектеп халықаралық ғылым академиясының медалі (2001), «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2002), «Жоғары мектеп алдындағы қызметі үшін» ЖМ ХҒА медалі (2002), «ҚР білімінің құрметті қызметкері» белгісі (2002), «Россия жаратылыстану академиясының академик П.Л.Капица атындағы» медалі (2003), А.Байтұрсынов атындағы алтын медаль және ҚР Жоғары оқу орындары ассоциациясының «10 жылдықтың үздік ректоры» медалі (2004), «Қазақстан Конституциясының 10 жылдығы» медалі (2005), Монғол Халық Республикасының «Даңқ жұлдызы» ордені (2006), Шет ауданының құрметті азаматы, Қарағанды қаласының Құрметті азаматы.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
  2. АҚЫЛБАЕВ ЖАМБЫЛ СӘУЛЕБЕКҰЛЫ