Еңлікгүл
Еңлікгүл | ||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||||
58түрі белгілі |
Еӊлікгүл , эдельвейс, леонтоподиум (лат. Leontopódium) — — Астралылар тұқымдасының көпжылдық немесе біржылдық шөптес өсімділтерінің тегі.
Таралуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Еуропа мен Азияның ��аулы жерлерінде таралған.
Ботаникалық сипаттамасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Еӊлікгүлдер - биіктігі 12—25 см щөптес өсімдіктер. Биік тауларда өседі.
Жапырақтары жеңішке, асты жағы түкті, үсті жағы күміс түсті.
Күрделі гүлшоғы тығыз себетшеге жиналған гүлдерден құралған. Гүлдердің түсі - ақ немесе сарғыштау, гүл тостағаншаның қасындағы жапырақтары жұлдыз тәрізді.
Түрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Текте 60-тан астам биологиялық түрлері айқындалған[1]. Олардың арасында кең таралғандары:
- Leontopodium alpinum,Cass.
- Leontopodium brachyactis,Gand.
- Leontopodium fauriei,Beauverd Hand.-Mazz.
- Leontopodium fedtschenkoanum,Beauverd
- Leontopodium japonicum,Miq.
- Leontopodium leontopodioides,(Willd.) Beauverd
- Leontopodium palibinianum,Beauverd.
- Leontopodium nivale,(Ten.)(Ten.) Huet ex Hand.-Mazz.
- Leontopodium souliei,Beauverd
- Leontopodium stoechas,Hand.-Mazz.
Қызықты дерек
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Францияда еңлікгүлді альпі жұлдызы деп, ал Италияда - күміс жартас гүлі деп атайды. Таулы ел түрғындары еңлікгүлді бақыт пен махаббат гүлі деп санайды. Еңлікгүлдің пайда болуы туралы әдемі әрі мұңлы аңыз бар. Бір-бірінсіз өмір сүре алмайтын екі ғашық болыпты. Алайда тағдыр оларды мәңгілікке айыруға жазған екен. Айырылысу туралы ой екеуіне де сұмдық қорқынышты болып көрінеді. Бірге қалудың жалғыз-ақ жолы - бірге өлу. Олар бөлек өмір сүргеннен гөрі қол үстасқан күйі жартастан секіріп кетуді жөн көреді. Олар құлап өлген жартастың бетіне махаббаттың салтанатты да қайғылы жеңісінің құрметіне ақшыл еңлікгүл қаптап өскен екен.
Үзіп алынған гүл солмайды, ал кептірілгендері - әсемдігін ұзақ уақыт бойы сақтап қалады.[2]
Галерея
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ The Plant List: Leontopodium
- ↑ 1100 қызықты деректер
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Leontopodium |