Ерінгүл
Ерінгүл | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Galeopsis speciosa
| ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||
15 түрі белгілі |
Ерінгүл (лат. Galeopsis) – ерінгүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
Әсем ерінгүл (лат. Galeopsis speciosa) – биіктігі 15-20 см-лік ерінгүл тұқымдас бір жылдық шөп тектес өсімдік. Сабағы тік, бұтақты келеді. Сабағының қысқа да жатынды түктері болады. Жапырақтары қысқа, сағақты, тиісті қияқ сияқты да, гүлдері шымқай қызыл түсті келеді. Жемісі піскеннен кейін төрт домалақ жаңғаққа бөлінеді. Жаз айларында гүлдейді. Ресейдің Арктикадан басқа Еуропалық бөлігіндегі барлық аудандарындағы егістік жерлерде, күздік егіс танабында, тыңайған жерлерде, үй маңында өседі. [1]
Құрамы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ерінгүл құрамында майлар, балауыз, шайыр, сары және ащы заттар, алма мен галла қышқылдары бар. [1]
Қолданысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәрі мақсатында ерінгүлдің шөбі пайдаланылады. Халық медицинасында өкпе туберкулезінің әр түрлі формаларын – созылмалы бронхитті, бронхоэктазия ауруларын, бронх демікпесін емдеу үшін ерінгүл шөбін пайдаланылады.[1]