Ерік Сәлімұлы Құрманғалиев
Ерік Сәлімұлы Құрманғалиев (02.01.1959, Құлсары қаласы, Атырау облысы—13.11.2007, Мәскеу) — өте сирек кездесетін контратенор сарынды «қаздауысты» опера әншісі.
Әкесі Сәлім — хирург, анасы Меруерт — педиатр болған. Кіші жүздің Байұлы тайпасы Алаша руынан шыққан.[1]
Бала шағында әкесінен айырылған Ерік орта мектеп оқуын Гурьев (қазіргі Атырау) қаласында бітірген. Ән айтуды өте ерте бастаған радиодан есіткен Людмила Зыкина, Ольга Воронец дауыстарын өзінің балалық альт дауысымен бейнелеген.
Алматы консерваториясында дайындау бөлімінде оқып жүргенде, оны тастап, Мәскеуге барады. Гнесиндер атындағы Мәскеу саздық-педагогикалық институтына түсіп бітіреді. «Гнесинкада» оқып жүргенде концерттік әрекетін бастайды. 1980 жылы Д. Шостакович атындағы Ленинград филармониясы Үлкен залы сахнасында алғашында Антон Шароев оркестрімен бірге Перголезидің Stabat mater деген кантатасын орындайды. Соңыра мынадай асқан дирижерлер меңгеруіндегі әйгілі оркестрлерімен бірге бірталай рет сахнаға шыққан: Рождественский, Китаенко, Мансуров, Сондецкис, Башмет, Третьяков, Гринденко, Николаев. Гнесиндер институтын бітіріп Мәскеу консерваториясы аспирантурасында профессор Н. Дорлиактан біліктігін арттырады. Шеберлік жетілдіру сабақтарын И. Бьенер, А. Рейнолдс, Ф. Кертин, Р. Кэйселли дегендерден алады.
1987 ж. Хертогенбош (Нидерланд) қаласында өткен халықаралық жас әншілер конкурсында лауреат болады.
1988 ж. Бостон қаласында өткен кеңестік саз фестивалінде жергілікті басылымдар Ерік Құрманғалиевті ғаламат феномен деп аңызға айналған опера әнші Федора Барбиеримен салыстырады.
Опера әлемінде белгілі болса да, баршаға тек Роман Виктюк қойған «М. Баттерфляй» спектакліндегі ролінен кейін Ерік ардақты адам боп санала бастады. 1992 ж. американдық драматург Девид Г. Хуанг «М. Баттерфляй» пьесасында Сонг Лилинг ролін орындаған үшін осы жылдың актерлерінің жампозы аталды.
Альфред Шнитке шығармаларының тұңғыш орындаушы Құрманғалиев болды: 2-ші симфония, 4-ші симфония, «Доктор Иоһанн Фауст хикаясы» кантатасы. «Рихтердің желтоқсанда саз кештері» деген халықаралық фестивалінің тұрақты қатысушысы болды. Концерттік әрекетін опера және жеке бағдарламаларды басты сахналарда орындап кең мәртеде өткізді: Ресей, Украина, Латвия, Эстония, Литва, Қазақстан, Татарстан, Нидерланд, Бельгия, Мажарстан, Югославия, Франция, Грекия. Пьер Карден шақыруымен Париж сахналарына шықты.
2002 ж. қазанында Мәскеу консерваториясы Үлкен залында гала-концерт берген.
2005 ж. Рустам Хамдамов түсірген «Вокальные параллели» (Әнмен қатарласу) деген филмінде басты ролдерінің біреуін орындады.
Соңғы кезде Ерік сахнаға ата-анасы «Сәлім-Меруерт» атымен аталып шығып жүрді.
2007 ж. қазанның 16 бауыр ауруымен Мәскеу қаласында ауруханаға түсіп, қарашаның 13 дүние өтті.
2019 ж. 3 қазанында "Астана Опера" театрында Ерік Құрманғалиевті еске алуға арналған "Вокалды параллельдер" атты концерт өтті. Еске алу шараларын ұйымдастырушылардың бірі, контртенор және ҚазҰӨУның хор дирижерлеу кафедрасының меңгерушісі Батыржан Смақовтың айтуынша, бүгінде контртенорлер өнері өте өзекті. Қазір қазақ және шетел композиторлар осы дауысына көптеген шығармаларды жазады[2].
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 2 қаңтарда туғандар
- 1959 жылы туғандар
- Құлсарыда туғандар
- 13 қарашада қайтыс болғандар
- 2007 жылы қайтыс болғандар
- Мәскеуде қайтыс болғандар
- Ваганка зиратында жерленгендер
- XX ғасыр опера әншілері
- Ресей академиялық музыканттары
- Қазақстан академиялық музыканттары
- Контратенорлар
- Қазақстан тенорлары
- Гнесиндер атындағы Мәскеу саздық-педагогикалық институты түлектері
- Мәскеу консерваториясы түлектері
- Ресей қазақтары