Еркінқала
Ауыл | |
Еркінқала | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
Ауылдық округ орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары | |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
▲10939 адам (2021) |
Этнохороним |
еркінқалалық, еркінқалалықтар |
Сандық идентификаторлары | |
Пошта индексі |
060019 |
Автомобиль коды |
06 |
Еркінқала шекарасы
| |
Ортаққордағы санаты: Еркінқала |
Еркінқала — Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігіне қарасты Еркінқала ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Атырау қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 8 км-дей жерде Жайық өзенінің саласының жағалауында орналасқан.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1930 жылы ұжымдастыру кезінде «Еркінқала» балықшы колхозының негізінде қалыптасқан. 1957 жылы Ленин атындағы колхоздың орталығы болды.
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1989 жылы елді мекенде 2099 адам тұрған.[1] 1999 жылы тұрғындар саны 2536 адам (1247 ер адам және 1289 әйел адам) болса, 2009 жылы 3333 адамды (1668 ер адам және 1665 әйел адам) құрады.[2]
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 10939 адамды (5340 ер адам және 5599 әйел адам) құрады.[3]
Әлеуметтік нысандары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Еркінқала орта мектебі - Еркінқала мектебі 1931-жылы бастауыш сынып болып ашылды. 1934-жылы мектеп 7 жылдық болып қайта құрылды. 1940-1950 жылдар аралығында Еркінқала орталау мектебі жұмыс жасады. 1950-1960 жылдар аралығында орталау мектеп орта мектепке айналды. 1983 жылы 624 орынды жаңа мектеп үйі салынып, пайдалануға берілді.[4]
- №37 «Болашақ» бөбекжай-бақшасы
- Еркінқала дәрігерлік амбулаториясы,[5]
- Мәдениет үйі
- Музыка мектебі
Діни мекемелері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Қайтпай сұлтан» мешіті — 850 орындық мешіт 2022 жылы 14 қазанда пайдалануға берілді. Мешітте ерлер және әйелдерге арналған намаз оқу залдары, дәрісханалар бар. Сондай-ақ, мешіт жанынан асхана, имам үйі де пайдалануға берілді.[6]
Кәсіпкерлік
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ауыл негізінен балық, мал, егін шаруашылығымен айналысады. Ауылда бекіре өсіру зауыты,[7], "Ақ желкен", "Еркінқала" өндірістік кооперативтері балық өсіру және тұщы суда балық аулаумен айналысады.
Ауылда көптеген жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер жұмыс жасайды. Олар: инженерлік ғимараттар құрылысы, тамақтануды қамтамасыз ету, жеңіл автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын жалдау, жүк автомобиль көлігінің қызметі, өзге де жеке көрсетілетін қызметтерді ұсыну т.б. бағыттарда қызмет көрсетеді. Бірнеше азық-түлік, құрылыс дүкендері бар. Елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы қатынасады.
Ауыл суреттері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Еркінқала ауылы. | Еркінқала ауылы | Еркінқала ауылы | Еркінқала ауылы | Еркінқала ауылы |
---|---|---|---|---|
Елді мекен көшелері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Атамұра көшесі
- Ақжайық көшесі
- Ақжелкен көшесі
- Әлләзи Әленов көшесі
- Баймырза Жексемалиев көшесі
- Балықшылар көшесі
- Батыр Өтеев көшесі
- Бөлекқайыр көшесі
- Гиният Шапауов көшесі
- Ғалымжан Елеманов көшесі (№4 көше)
- Дүйіш Есқалиев көшесі
- Жастар көшесі
- Желтоқсан көшесі
- Жеңіс көшесі
- Жұмабай Даулетов көшесі
- Зіну Сартымбетов көшесі (№43 көше)
- Қарапа Наурызалиев көшесі (№40 көше)
- Қидас Көшербаев көшесі
- Қызыл теңізші көшесі
- Сабыртай Айтмағамбетов көшесі
- Серғазы Төлепов көшесі
- Сәулен Оразалин көшесі
- Тапан Асанов көшесі
- Тәжден Қасанов көшесі (№34 көше)
- Тәуелсіздіктің 10 жылдығы көшесі
- Тәуелсіздіктің 10 жылдығы өткелі
- Шамырат Аманов көшесі
- Шәріп Түсіпқалиев көшесі
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ 1989 жылғы Қазақ КСР бойынша Бүкілодақтық халық санағының қорытындылары. 3 том
- ↑ 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Мұрағатталған 8 желтоқсанның 2019 жылы.
- ↑ 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
- ↑ Мектеп тарихы
- ↑ https://yandex.kz/maps/org/76313996037/?lang=kk&ll=51.811823%2C47.025045&z=17
- ↑ Атырауда «Қайтпай сұлтан» мешіті ашылды
- ↑ https://m.azh.kz/kz/news/view/20095 Мұрағатталған 4 мамырдың 2021 жылы.
|