Мазмұнға өту

Емшөп

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Паракариум (Paracaryum) – айлауықтар тұқымдасына жататын бір, екі не көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда шөлді, таулы аймақтардың тасты, тастақты беткейлерінде, батпақты, құмды жерлерінде өсетін 4 түрі (Бунге Емшөпі, қаратау Емшөпі, Орталық Емшөп, тасшыл Емшөп) бар. Бұлардың биікт. 5 – 20 см, тамыры жуан, жертағандап өседі. Жапырақтары ұзынша, сабақ бойындағылары түкті. Тостағанша жапырақтары 5 бөлікті, күлте иілмесі күлгін көк, көкшіл түсті. Аталығы қысқа жіпті, аналық мойны қысқа. Сәуір – маусым айларында гүлдеп, маусым – шілдеде жемістенеді. Жемісі – жаңғақша. Қаратау Емшөпі өте сирек кездесетін эндемик түр, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энцклопедиясы