Мазмұнға өту

Екатерина Владимировна Стриженова

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Екатерина Стриженова (2009)

Екатерина Владимировна Стриженова (20 наурыз 1968, Мәскеу, КСРО) — ресейлік актриса және тележүргізуші.

Екатерина Стриженова (Токмань) 1968 жылдың 20 наурызында Мәскеу қаласында дүниеге келді.

Әкесі - Владимир Илларионович, журналист, жазушы. Екатерина 6 жаста болғанда, әкесі көз жұмды. Анасы - Валентина Яковлевна, филолог. Басында орыс тілін шет тілі ретінде алып, сабақ берген. Күйеуінің өлімінен кейін, 36 жасында жалғыз екі баласымен қалды.

Бала кезінен бастап, Катя балаларға арналған бағдарламаларды жүргізе бастады. Сол кезде ата-анасы "Калинка" деген мәскеулік балалар би ансамбльіне берді.

Жас актриса Екатерина Токманьның дебюті 1984 жылы шыққан,"Көшбасшы" атты мелодрамадағы, 9 сынып оқушысы Тани Корнилованың рөлі болды. Бұл мелодраманың режиссері - Борис Дуров. Сочи қаласындағы түсірілімдерде өзінің болашақ жары - Александр Стриженовпен танысты. Жары екеуі мелодрамада басты рөлдерде түскен.

Мәскеулік мәдениет институтының режиссерлік факультетті бітірді.

Антон Чехов атындағы театрдың "Жер асты теміржолы" және "Гамлет" спектакльдерінде ойнады.

1997 жылдан бастап "Бірінші арнада" болатын "Қайырлы таң" атты бағдарламаның жүргізуші.

1997 жылы, әнші және композитор Александр Шевченконың "Бәрі сен қалағандай болады" және "Өзіне ғана" деген бейнебаяндарында түскен.

2010 жылдан бастап 2011 жылға дейін "ITALIA — Made in Italy" журналының бас редакторы болып жұмыс істеген.

Шығармашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Телевизиядағы жұмысы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазіргі таңда "Қайырлы таң" бағдарламасын жүргізеді.

"Colgate Total" тіс пастасының жарнамасында түскен.

"Олар және біз" ток-шоуының жүргізушісі (2013-2014).

Театрдағы рөлдері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • «Шерткіш» — Маша
  • «Құрмет көрсету» — Санни Хейнз
  • «Гамлет» — Офелия (Антон Чехов атындағы театр)
  • «Жер асты теміржолы» — ... (Антон Чехов атындағы театр)
  • «Көңілдес әйелінің ұлдары»
  • «Қалыпсыз қыз. Қалыпсыз қыз? Қалыпсыз қыз!!!»
  • «Ханым» — Ольга («Арт-Серіктес ХХI»),
  • «Таңдаулар күні» — Виктория Александровна