Мазмұнға өту

Дәнсары

Координаттар: 48°18′36″N 64°40′26″E / 48.31000°N 64.67389°E / 48.31000; 64.67389
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Дәнсары
Морфометрия
Ауданы9,6 км²
Тереңдігі1,5 м
Су алабы
Суды жинау ауданы168 км²
Орналасуы
48°18′36″N 64°40′26″E / 48.31000°N 64.67389°E / 48.31000; 64.67389 (T)
Ел Қазақстан
АймақҰлытау облысы
АуданҰлытау ауданы
Дәнсары
Дәнсары (Ұлытау облысы)
Дәнсары

Дәнсары Ұлы Жыланшық өзені алабындағы тұйық көл.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ұлытау облысындағы Ұлытау ауданының қиыр батысында, Байқоңыр ауылының солтүстік-батысына қарай 100 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен биіктігі 157 м.

Гидрографикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аумағы 9,6 км2, ұзындығы 6,9 км, ең терең жері 1,5 м, су жиналатын алабы 468 км2. Көл ағынсыз, солтүстік-шығысынан (Сарын тауынан) жазда тартылып, қарасуларға бөлініп қалатын Қайдағұл өзені құяды. Қар және жер асты суларымен толығып, көктемде Шөміш көлімен ұласады. Қарашаның ортасында суы қатып, сәуірдің ортасында мұзы ериді. Ақ және боз жусан, қылқан селеу, т.б. шөптер өсетін жағалауы жайылым ретінде пайдаланылады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5