Дәмеш Әмірханқызы Ермекова-Жүргенова
Көрініс
Дәмеш Әмірханқызы Ермекова-Жүргенова (1905-1990), дәрігер, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген дәрігері (1966).
Орта Азия мемлекеттік университетініңмедицина факультетін бітірген (1929). 1929-1933 жылдары Ташкент медициналық институтында оқытушы. 1938-1946 жылдары «халық жауының» жары ретінде Карлагтаотырған. Ермекова-Жүргенова ақталып келгеннен кейін 1956-1973 жылдары Алматы медициналық институтында оқытушы болады. Жұбайы Темірбек Қараұлы Жүргеновтің (Мемлекеттік қайраткер, Қазақстан халық ағарту комиссары) ақталуына, шындықтын орнауына көп еңбек сіңірді.
Алматы қаласының құрметті азаматы (1982).[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|