Дранг нах Остен

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Неміс тілінің қазіргі күнде Европада таралуы
XX ғасырдың басындағы неміс тілінің таралуы

"Дранг нах Остен" - (нем. Drang nach Osten - Шығысқа қысым жасау) - неміс феодалдардың, кейін империалисттердің Шығыс Европаны жаулап алу саясаты.
Осы саясатты қолдайтын реакцияшыл ұран, тарихи, саяси тұжырым. Немістер 10-13 ғасырда Эльба, Висла, Неман, Батыс Двина өзендерінің арғы бетіне дейін жаулап алды. Жергілікті халықтар жартылай құртылды немістендірілді . Полаб славяндары, латыштар, эстондар т.б. халықтар "Дранг нах Остен" құрбаны болды. Польша, Чехия, Литва және Русь зардап шекті. Фашисттік Германия да "Дранг нах Остен" саясатын жүргізді. "Дранг нах Остен" герман нәсілінің дүние жүзіне үстемдік етіп правосын, нәсілшілдікті дәріптеді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998