Мазмұнға өту

Дмитрий Назарович Бурцев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Дмитрий Назарович Бурцев (1900-1971), геолог ғалым, Қарағанды көмір бассейнін алғаш игере бастаған кездегі (1930-1937) геология барлау жұмыстарының басшысы, геология-минералогиялық ғылыми кандидаты (1964), Шерубай-Нұра көмір ауданының алғаш ашушы (1932), Қарағанды тас көмір бассейніндегі төменгі карбонның көмірлі қабаттарының тұңғыш стратриграфиялық схемасын жасаушылардың бірі. Мәскеу тау-кен академиясын бітірген (1929). Бурцев Қарағанды тас көмір бассейнінің қоры 50 млрд т деп тұңғыш рет баға берді (1933). Жаңғыш қатты қазбалар геологиясы жөніндегі 26 ғылыми еңбектің авторы. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5