Джеймс Бенсон Ирвин
Джеймс Бенсон Ирвин (ағылш. James Benson Irwin; 17.3.1930, Питтсбург - 8.08.1991, Колорадо) – АҚШ-тың ғарышкер-ұшқышы, полковник.
1951 жылы АҚШ Әскери теңіз академиясын, 1957 жылы Мичиган университетін бітірді. АҚШ Әскери-Әуе Күшінің әр түрлі бөлімшелерінде қызмет етті. 1961 жылы Әскери-Әуе күшінің сынаушы-ұшқыштар мектебін бітірді. 1966 жылдан АҚШ Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасының ғарышкерлер тобында болды. 1971 жылы 26 маусым – 7 тамыз күніндегі д. Скотт және А.Уорденмен бірге «Аполлон-15» ғарыш кемесінің ұшқышы ретінде Айға ұшты. Ирвин және Д.Скотт ұшқан кобинасы 1971 жылы 31 маусымда Айға қонды. Ирвин Айда 66 сағат 56 минут уақыт ішінде 3 рет сыртқа шығып 18 сағат 37 минут 6 секунд Ай бетінде болды. [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Совет Энциклопедиясы,3 том
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:James Irwin |
- 17 наурызда туғандар
- 1930 жылы туғандар
- Питтсбургте туғандар
- 8 тамызда қайтыс болғандар
- 1991 жылы қайтыс болғандар
- Колорадода қайтыс болғандар
- НАСА-ның Айрықша қызметі үшін медалінің иегерлері
- Айда болған адамдар
- АҚШ астронавтары
- Креационистер
- Арлингтон ұлттық зиратында жерленгендер
- Миокард инфарктінен қайтыс болғандар
- АҚШ Әскери-теңіз академиясы түлектері
- Мичиган университеті түлектері