Гүлжан Жанпейісқызы Қарақұсова
Гүлжан Жанпейісқызы Қарақұсова | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
27 тамыз 2007 — қаңтар 2021 | ||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | |||
Премьер-Министр | Даниал Ахметов Кәрім Мәсімов Серік Ахметов Кәрім Мәсімов Бақытжан Сағынтаев Асқар Мамин | |||
| ||||
22 қараша 2001 — 12 шілде 2007 | ||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | |||
Премьер-Министр | Қасым-Жомарт Тоқаев Иманғали Тасмағамбетов Даниал Ахметов Кәрім Мәсімов | |||
Ізашары | Әлихан Бәйменов | |||
Ізбасары | Бердібек Сапарбаев | |||
| ||||
мамыр 1997 — қараша 2001 | ||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | |||
Премьер-Министр | Әкежан Қажыгелдин Нұрлан Балғымбаев Қасым-Жомарт Тоқаев | |||
Өмірбаяны | ||||
Партиясы | 1. КОКП (1984—1991) 2. Нұр Отан (2007) | |||
Білімі | Қазақ ұлттық университеті (1972) | |||
Ғылыми дәрежесі | 1. Экономика ғылымдарының докторы 2. Профессор | |||
Мамандығы | 1. Экономист 2. Саяси Экономия оқытушысы | |||
Дүниеге келуі | 9 қыркүйек 1950 (74 жас) Алматы | |||
Анасы | Софья Сүлейменқызы Кәрімова | |||
Балалары | қызы Дана Қарақұсова (1984) ұлдары Фархат Қарақұсов (1971) Роман Романов (1976) | |||
Марапаттары | ||||
өңдеу |
Гүлжан Жанпейісқызы Қарақұсова (9 қыркүйек 1950, Алматы) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (2001-2007), экономика ғылымдарының докторы және профессор.
Қысқаша өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің саяси экономия факультетін бітірген (1972), экономист, саяси экономика оқытушысы. Экономика ғылымдарының кандидаты (1980), докторы (1990). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Социализм кезіндегі жарыс қатынастарын іске асырудың экономикалық механизмі». С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің саяси экономия кафедрасының профессоры (1992).
«Бұқараның жанды шығармашылығы» (1985), «Жарыс және қайта құру» (1988), «Салықтар: пайдалану мәні және іс жүзінде» (1994), «Бағалы қағаздар туралы не білу керек» (1996), «Көлеңкелі экономика: даму тенденциясы» (2001) кітаптарының авторы; «Қоғамдық тұтыну қорлары» (1983), «Шаруашылық механизмі жүйесіндегі бәсекелестіктің жаңа формалары» (1984), «Қазақстандағы экономикалық қылмыспен күресу мәселелері» (1996) кітаптарының тең авторы.
«Нұр Отан» ХДП (2007 жылдан).
1972 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ассистенті, аға оқытушысы, доценті, профессоры. 1994 жылдан - ҚР Президентінің экономикалық реформа жөніндегі кеңесшісі, Экономикалық кеңесшілер кеңесінің жетекшісі.
1995 жылдан - ҚР Құнды қағаздар бойынша ұлттық комиссиясының төрайымы. 1997 жылдың қаңтар айынан - «Қаржы нарықтары институттары» ҚҚ президенті. 1997 жылдың мамыр айынан - ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Экономика, қаржы және бюджет жөніндегі комитеттің төрайымы. 2001 жылдан - ҚР тұрғындарды әлеуметтік қорғау және еңбек министрі.
2007 жылдан бері - ҚР Парламенті Мәжілісі 4-шақырылымының «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы.
С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттiк университетiнде дәрiс берген, Қазақстан Республика��ы Президентiнiң көмекшiсi, Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Экономикалық консультанттар кеңесiнiң жетекшiсi, Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссияның төрайымы, Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Экономика, қаржы және бюджет жөнiндегi комитетiнiң төрайымы болып тағайындалған.
2001 жылғы қарашадан бастап Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi.
2007 жылы «Нұр Отан» партиясы тізімі бойынша Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырым депутаты боп сайланған. қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрайымы.
Марапаттар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- «Парасат» (2005) орденімен;
- «Астана» (1998),
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001),
- «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медалі.
Отбасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ұлдары - Қарақұсов Фархад Сергеевич (1971), Романов Роман Сергеевич (1976 ); қызы - Қарақұсова Дана Сергеевна (1984 ).[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
- Үлгі шақыруында көшірме аргумент қолданатын беттер
- 9 қыркүйекте туғандар
- 1950 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алматыда туғандар
- Парасат орденінің иегерлері
- 2 дәрежелі Барыс орденінің иегерлері
- Астана медалінің иегерлері
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстан Республикасының парламентіне 10 жыл медалінің иегерлері
- Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалінің иегерлері
- Астанаға 20 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстан Конституциясына 25 жыл медалінің иегерлері
- Достастық орденінің иегерлері
- Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің депутаттары
- Қазақстан саясаткерлері
- Саясаттағы Қазақстан әйелдері
- Қазақстан еңбек министрлері