Гуманистік интернационал
Гуманистік интернационал — ұлттық гуманистік партиялар мен қауымдастықтарды біріктіретін, олардың ұжымдық және жекелеген мүшелеріне қатысты әкімшілік өкілеттілік ұстанбайтын ұйым. Гуманистік интернационалдың алғашқы (құрылтайлық) конгресі 1989 жылы Флоренцияда өтті. Онда негізгі тезистер, принциптер декларациясы, саяси іс-әрекет негіздері және жарғы қабылданды. Сонымен қатар, Гуманистік интернационал 1948 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған Жалпыға бірдей адам құқығы жөніндегі декларацияға қосылды. Гуманистік интернационалдың екінші конгресі 1993 жылы Мәскеуде өтті, онда жан-жақты әмбебап гуманизмнің идеологиясы ретінде "Гуманистік құжат" қабылданды. Содан бері Гуманистік интернационал жұмысына көптеген елдердің партиялары, қоғамдық және мәдени ұйымдары қосылды. Гуманистік интернационал бастамалары мен жариялымдары университеттер, тәрбиелік және мәдени мекемелермен бірігіп іске асырылды. Әмбебап гуманизмнің тұжырымдамасы адамды (нарықпен, мемлекетпен, ұлтпен, дінмен және т.б. салыстырғанда) ең жоғарғы құндылық ретінде тануды мақсат тұтады, әрі әлеуметтік кемсітушілік пен күш көрсетіп, әлімжеттік қылуды жоққа шығарып, мойындамайды. 1999 жылы аймақтық латынамерикандық (Сантьяго-де-Чили) және Еуропалық (Мадрид) бөлімдері құрылды. 2000 жылы қазан айында Бухарестте "Біріккен Еуропаға гуманистік жол" деген ұранмен Орталық және Шығыс Еуропа ұйымдарының қатысуымен халықаралық кездесу болып өтті. 2004 жылы қыркүйекте Будапештте Екінші еуропалық конгресс болды. Оған дайындық барысында еуропалық платформа мен "Еуропа: мәдениеттердің әркелкілігі мен бірлігі" гуманистік манифесі жасалды. 2004 жылғы 27-29 мамыр аралығында Коста-Рикада өткен аймақтық кездесуде "Латын Америкасына арналған гуманистік жоспар" қабылданды. Гуманистік интернационал қызметі әркелкі мәдениеттерді, этностарды, діндерді, тұлғаларды синтездейтін "біртұтас планеталық ұлтты" ұйыстыруға бағытталған. Интернационал саяси компанияларға қатысып, гуманистік көзқарастарды, құндылықтарды, әлеуметтік ұстанымдарды насихаттау арқылы қоғамдық өмірдің барлық саласына ықпал етуге тырысады. Қазіргі ресми демократияның институттарын ескірген деп санайды, өйткені онда қаржылық алпауыттардың сананы арбауына кеңінен жол берілген. Гуманисттердің пікірінше, қазіргі әлемде адам ең жоғарғы әлеуметтік құндылық деңгейіне көтеріле алған жоқ. Олар ең басты құндылық болып ақша саналатын саяси-экономикалық жүйені сынға алады. Балама ретінде оның теоретиктері мен көшбасшылары - Р. Кобос (Сило), С. Пуледда, Л.Чичи, А. Кавальо және өзгелері мынаны ұсынады:
- "өндіріс құралдарына партиципативті меншік орнату" (мекемені басқаруға, табысты бөлуге еңбекшілердің қатысуы);
- сапалы медициналық көмек пен білімге кепілді түрде қол жеткізу;
- соңғы жетістіктегі компьютерлік технологияларды қолдануға негізделген "шынайы саяси демократияның" жүйелері мен механизмдерін жасау;
Гуманистік интернационал тұжырымдамаларында "жаһандану" ұғымы (халықаралық қаржы капиталы таңған экономикалық құрылымдардың бірдейленуі) және "мондиалдану" (ғылыми-техникалық дамудың арқасында мәдениеттер арасындағы байланыстардың тереңдеуі) ұғымдарының ара жігі ажыратылған.[1]
Тағы қараныз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |