Глобулярлы белоктар
Көрініс
Глобулярлы белоктар - полипептид тізбектері сфера немесе эллипс тәрізді тығыздалып бүктелген, молекулалық құрылымы шағын органикалық заттар. Молекуласының сырт жағында амин қышқылдарының полярлы топтары және зарядталған атомдары жинақталғандықтан, глобулярлы белоктардың көпшілігі суда және полярлы ерітінділерде жақсы ериді. Табиғаттағы барлық ферменттер, антиденелер, кейбір гормондар жəне өсімдіктер мен жануарлардағы қоректік белоктар (альбуминдер, глобулиндер, протаминдер, гистондар, проламиндер, глутелиндер) глобулярлы белок болып табылады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі