Мазмұнға өту

Гетерогония

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Гетерогония — омыртқасыз жәндіктердің өмірінде кездесетін ұрпақ ауысудың бір түрі. Гетерогонияның негізгі үш категориясы бар: 1) дара жынысты ұрпақтың гермафродиттық түрімен ауысуы; мысалы, рабдонема нигровеносум дейтін жұмыр құрттың гермафродит түрі бақаның өкпесінде паразиттік түрде тіршілік етеді де, ал оның дара жынысты түрі ылғалды топырақта өзінше күнелтеді; 2) ұрықтанған жыныс жасушаларынан өсіп шыққан даражынысты ұрпақтың ұрықтанбаған жұмыртқа жасушасынан өсіп шыққан ұрпақпен ауысуы; мысалы, насекомдардыц ішіндегі Aphidae дейтін тұқымдасына жататын шөп биттерінің партеногенез жолмен баласын тірі туатын ұрпағының күздігүні сол жылы қыстап шығатын жұмыртқалар салатын ұрпаққа ауысуы; 3) құрылысы жағынан түрліше болатын жыныстық ұрпақтың ауысуы, мысалы, көбелектің маусымдық диморфизмы.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ ��ИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев