Генри Брукс Адамс
Генри Брукс Адамс (16 ақпан 1838 — 27 наурыз 1918) – американдық жазушы және тарихшы. Жақсы танымал кітабы «Генри Адамстың тәрбиесі».
Жастық шағы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бостон аласында дүниеге келген. Әкесі – Чарльз Фрэнсис Адамс (1807—1886) және анасы – Абигейл Брукс (1808—1889). Бұлардың отбасынан АҚШ-тың екі президенті шыққан. Арғы атасы Джон Адамс АҚШ-тың екінші президенті, ал атасы Джон Куинси Адамс — алтыншы президент болған.
1858 жылы Гарвард университетін бітірген соң Берлин университетінде азаматтық құқық жөнінде дәріс тыңдау үшін Еуропаға кетеді. Ол екі жыл Германия, Бельгия, Голландия, Италия және Францияда саяхаттайды.
Азамат соғысы жылдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1860 жылы күзде АҚШ-қа оралған соң Генри Адамс конгрессмен әкесінің хатш��сы болады. Азамат соғысы қарсаңында 1861 жылы 19 наурызда АҚШ президенті Линкольн Чарльз Фрэнсис Адамсты Англияға елші етіп жібереді. Әкесінің жанында оның жеке хатшысы ретінде Лондонға барады. Сонымен қатар ол «Нью-Йорк Таймс» газетінің құпия тілшісі болады.
Тарихшы және зияткер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1868 жылы АҚШ-қа келген соң Колумбия аймағы, Вашингтонға көшеді. Осы кезден бастап журналист болып қызмет атқарады. 1872 жылы 27 маусымда Бостон қаласында Кловер Хоперге үйленеді. Олар бал айын Еуропада өткізеді. Ол Вашингтонда журналист және тарихшы болып қызмет атқарады. Тарихшы ретінде «Джефферсон мен Медисон билігі кезінде АҚШ-тың тарихы» атты тоғыз томдық жұмысынан кейін танымал болады. 1880 жылы Адамс 2 роман жазады. «Демократия» (1880), онда Ақ үйдің шынайы өмірі мен вашингтондық билеушілердің жемқорлығы жайында жазған. Ал екіншісі – «Эстер» (1884).