Гамбетта Леон Мишель
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Гамбетта Леон Мишель (2.4.1838, Каор - 31.2.1882) – француз саяси және мемлекет қайраткері.
Екінші империяның кезінде Гамбетта буржуазия республикалық оппозиуияның сол қанат басшыларының бірі. 1869 жылы Заң шығаратын корпусқа сайланды. Оның сайлауда табысқа жетуі радикалды-демократиялық реформаны (Бельвиль бағдарламасын) ұсынуына байланысты еді. 1870-71 жылдары «Ұлттық қорғаныс үкіметінің» ішкі істер министрі. Буржуазия республикашылардың оңшыл топтарымен жақындасты. Үшінші республиканың бірінші он жылдығында Гамбетта буржуазия республикашылардың жетекшісі болды. Бертін келе бұрынғы демократиялық реформалар бағдарламасынан бас тартып, оппортунистік саясат жүргізді. Премьер-министр әрі сыртқы істер министрі (1881-82) болды. [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы