Мазмұнға өту

Востокфильм

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Востокфильм– РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі жанынан 1928 жылы құрылған акционерлік кино қоғам [1].

Оның мақсаты РКФСР халықтарының өмірінен фильмдер жасау және халыққа кино көрсету ісін басқару. Оған РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Т. Рысқұлов тікелей басшылық етті. 1929 жылы Алматыда "Востокфильмнің" өндірістік бөлімі құрылды. Ол Қазақстан өмірін экранда мезгіл-мезгіл көрсетіп отыратын "Соңғы хабар" атты киножурнал шығарды. Бұдан басқа "Ауылдағы кооперация", "Жаңа астана" (Алматы туралы), "Қызыл әскер", "Жайлау" деген деректі шағын фильмдер өмірге келді. Востокфильм Қазақ өмірінен толық метражды 4 фильм "Түрксіб" (режиссер В. Турин, 1929 жылы), "Дала әндері" (режиссер А. Лемберг, 1930 жылы), "Жұт" (режиссер М. Каростин, 1931 жылы), "Қаратау қазынасы" (режиссер А. Дубровский, 1932 жылы) жасады. "Востокфильм" қазақтың ұлттық кино өнерінің дамуына үлкен үлес қосты.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Телевизиясы. Энциклопедия. Алматы: "ҚазАқпарат" 2009, 1-т: 640 бет, ISBN №978-601-03-0070-5