Владимир Зеликович Кацев
Владимир Зеликович Кацев (1929 жылы 7 қыркүйекте УКСР Полтава облысы Кременчуг қаласы- 10.12.2013, Алматы, Қазақстан) - профессор, КСРО және Қазақстандық архитектор.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жетінші қыркүйекте 1929 жылы Кременчугта, Украиндық ССР-дың Полтава облысында дүниеге келген.Әкесі - Кацев Зелик Вульфұлы, марқұм, зауытта инженер-конструктор болып жумыс істеген. Анасы - Ляхович Мариам Маркқызы, марқұм, зауытта инженер-конструктор болып жұмыс атқарған.
1953 жылы Харьков атындағы инженер-құрылыс институтында архитектура факультетін аяқтаған. 1963 жылы Мәскеудегі Архитектура Академиясында аспирантураны тәмамдайды. Оқуды аяқтағаннан кейін Магнитогорск қаласына жолдама алды. 1953 жылдан - «Магнитогорск қала жобалауының» сәулетшісі, аға сәулетшісі, жоспарлау шеберханасының жетекшісі. 1959 жылдан - «Қазқалақұрылысжобаның» бас сәулетшісі. 1959 жылдан бастап Алматыда «Қазгорстройпроект» және «Алматыгипротор» жобалау институттарында жұмыс жасады, оқытушылық қызметпен айналысады 1967 жылдан - «Алматыгипрогор» МЖИ бас сәулетшісі, №5 шеберханасының жетекшісі.1989 жылы ҚР Сәулетшілер одағы Мұрағат қоры жобаларының бас сәулетшісі. 1989 жылы ҚР Сәулетшілер одағы Мұрағат қоры жобаларының бас сәулетшісі. 1990 жылдан бастап Қазақстан Республикасы сәулетшілер Одағының студиялық студиясының меңгерушісі, «Имсталькон» МКК бас сәулетшісі. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының (1999) профессоры. Халықаралық Шығыс елдері сәулет академиясының (2001), ҚР Көркемөнер академиясының, Алматы қаласындағы «KAZGOR» Көркемөнер жобалау академиясының академигі. М.Ю. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрындағы бірнеше қойылымдардың қоюшы-суретшісі. 2010 жылдан бері - ҚР Сәулетшілер одағының Алматы қалалық филиалының төрағасы. Сәулет және бейнелеу өнері саласындағы әр түрлі көрмелер мен конкурстарға қатысады. 8 жеке көрме өткізген. Жұмыстары Невзоровтар атындағы мұражайда (Семей қ.), Алматы қаласы Тарих және қалпына келтіру мұражайында, сонымен қатар Қазақстан және шет елдерінің жеке меншік коллекцияларында сақталуда. Владимир Кацев ҚР Үкіметі жанындағы Әдебиет, өнер және сәулет мамандықтары бойынша Мемлекеттік сыйлық комитетінің Бейнелеу өнері және сәулет бөлімінің мүшесі. Халықаралық архитектура академиясы Мәскеу бөлімінің профессоры. КСРО Сәулетшілер одағының, ҚР Дизайнерлер одағының, ҚР Суретшілер одағының мүшесі. ҚР Сәулетшілер одағы Алматы филиалының төрағасы.
Жұмыстары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Алма-Атадағы жас көрермен театры фронтонында монументалды бедерді қалаған (1963, суретшілер Евгений Сидоркин, О. Богомолов);
- Орал қаласында Василий Чапаевтың ескерткіші (М. Айнековтың мүсіні, Б.Төлеков, сәулетші П. Кривенко);
- Алматы қаласындағы «Шығыс күнтізбесі» фонтанының (суретшілері В. Твердохлебов, А. Татаринов)
- Абай даңғылы мен Төлебаев көшесінің бұрышындағы «Жетісу» субұрқағы;
- Алматыдағы жазушы Ғабит Мүсіреповке арналған ескерткіш (мүсінші К. Сатыбалдин);
- Ақтөбе және Астана қалаларында «Әлия Молдағұлова» ескерткіші;
Графикалық және кескіндеме жұмыстарының авторы: суреттер мен акварельдө салынған «Архитектура» топтамасы, ¥лы Шығыс жолы архитектура ескерткіштері сериясының, М.Ю. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры әртістерінің портреттерінің, натюрморттар, пейзаждар авторы(2003). Қоюшы суретші ретінде «Қуаныш іздеу», «Ванюшин балалары», «Лирикадан драма» спектакльдерін безендірген.
Құрылыс жобаларының авторы және бас сәулетшісі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы;
- «Динамо» бассейні;
- Интернат, бассейн және Шымбұлақ шаңғы базасының спорт залы;
- «Медеу» биік таулы спорт кешені;
- Алматы қаласы әкімдігінің ғимараты;
- ҚР Ғылым академиясының ғимаратында «Шығыс күнтізбесі» субұрқағы (суретшілер В.Твердехлебов, А.Татаринов);
- Алматы цирк ғимараты.
Марапаттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1975)
- «Құрмет» орденімен, ҚР Сәулетшілер одағы алтын медалімен (1999)
- «Еңбек ардагері» медалі
- ҚР "Құрмет" грамоталарымен марапатталған
- ҚР Еңбек сіңірген сәулетшісі
- ҚР Құрметті сәулетшісі
Отбасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Үйленген. Жұбайы - Мартьянова Доротея Георгийқызы (1933 ж. т.), зейнеткер.
Қыздары - Кацева Татьяна (1959 ж. т.), физика пәнінің мұғалімі; Покровская Марианна (1966 ж. т.), Халықтар достығы орденімен марапатталған М.Ю. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актрисасы.
Немелері - Семён Шемес (1994 жылы туылған ), актер., Георгий Кацев (1988 жылы туылған), музыкант, IT специалист.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |