Вера Николаевна Пашенная
Пашенная Вера Николаевна (17.9.1887, Москва, - 28.10.1962, сонда) – орыс, совет актрисасы, КСРО халық артисі (1937), профессор, (1941). Актер отбасында туған. 1904 жылы Москва театр уч-щесінде оқыды. А.П.Ленскийдің шәкірті. 1907 жылдан Кіші театрда қызмет етті. Актрисаға орыстың, тұпмыстық драмасы мен комедиясы өте-мөте жақын болды. Оның жағымды кейіпкерлері ішкі дүниесі бай, күшті сезімнің адамдары болып келді; сондай-ақ өз ойынымен «қараңғылық патшалығы» құрылысып, жеке бастың мүддесін күйттеген моральды өткір сынға алды. Кабаниха, Мурзавецкая (А. Островскийдің «Найзағай» және «Қасқырлар мен қайларында»), Любовь Яровая ( Треневтің осы аттас пьесасында) секілді рольдерді орындаумен актерлік өнерінің көп қырлығын байқатты. 1921 жылы Корш театрында қойылған А.Н. Островскийдің «Жасаусыз қалыңдық» спектаклінде Ларисаның ролін орындады. 1922- 1923 жылы гастрольдік сапармен шетелде өнер көрсеткен Москваның Көркем академиялық театры құрамында болды. 1914 жылдан Кіші театр студиясында (1945 жылдан М.С.Шепкин атындағы театр уч- щесі) пед. Қызметпен шұғылданды. «Актриса өнері» (1954) және «Творчесто баспалдағы» (1964) атты кітаптың авторы. КСРО Мемл. Сыйлығы 1943 мен лениндік сыйлықтың (1961) лауреаты. 2 рет ленин орденімен, Еңбек Қызл туорденімен және медальдармен марапатталған.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ совет энциклопедиясы