Варениктер
Варениктер (укр. вареники) — тұщы қамырға әр түрлі начинка (ірімшік, картоп, саңырауқұлақ, шие, қарақұмық жармасын) қосып пісіреді.
Вареникидің барлық түрі үшін бір-ақ түрлі қамыр пайдаланылады. Ұнды илеуге ыңғайлы ыдысқа немесе асханалық тақтайға төгеді де, ортасын шұңқырлап, оған суық су немесе сүт, жұмыртқа қосып илейді. Қамырды қолға, тақтайға жабыспайтындай болғанша, иі қанғанша илеу керек. Дайын қамырды дөңгелектеп, үстіне ұн себеді, сосын оған аздап қыздырып алған кастрюль төңкеріп 20—30 минут қояды. Бұдан соң қамырды жұқалап жайып, стаканмен немесе формамен дөңгелектеп кеседі де жұмыртқаның ақ уызын жағалы. Әрбір кесілген қамырға бір шай қасық начинка салып, шетін біріктіріп бүгеді. Вареникиді ыстық тұзды суға салып 6—8 минуттай жайлап қайнатады. Судың бетіне қалқып шыққан кезде сүзіп алып ыдысқа салады да, үстіне тортасынан айырған сары май құйып, қаймақ қосып дастарқанға қояды[1][2].
Галерея
[өңдеу | қайнарын өңдеу]-
Варениктер
-
Ет варениктер қаймақпен бірге беріледі
-
Шие тұшпарасы десерт ретінде
-
Қаймақ пен қытырлақ қосылған варениктер
-
Жалқау варениктер
-
Картоп пен шантерелла қосылған варениктер
-
Сүзбе қосылған варениктер
-
Қырыққабат қосылған варениктер
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Шаңырақ: Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы: Қаз. Сов. энцикл. Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 232 бет. ISBN 9965-36-414-1
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Vareniki |