Бұғыты
Бұғыты тауы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Тау жүйесі | |
Ұзындығы |
70 км |
Ені |
40 км |
Ең биік шыңы | |
Биіктігі |
1816 м |
Орналасуы | |
43°34′ с. е. 78°49′ ш. б. / 43.567° с. е. 78.817° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°34′ с. е. 78°49′ ш. б. / 43.567° с. е. 78.817° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер |
Қазақстан, Алматы облысы Еңбекшіқазақ және Ұйғыр аудандары |
| |
|
Бұғыты – Іле Алатауының солтүстік-шығысындағы тау сілемі.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Алматы облысы Еңбекшіқазақ және Ұйғыр аудандары жерінде жатыр. Бұғыты таулары Үлкен және Кіші Бұғыты атты екі тау сілемінен құралған. Батыстан шығысқа қарай ұзындығы 70 км-ге созылған, енді жері 40 км. Абсолюттік биіктігі 1816 м (Үлкен Бұғыты тауы).
Геологиялық құрылымы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тау тас көмір және пермь кезеңдерінің интрузивтік тау жыныстарынан түзілген. Мұнда вольфрам кен орны ашылған.
Климаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Климаты тым континенттік, ауаның орташа температурасы қаңтарда –90С, шілдеде 240С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300 – 400 мм.
Топырағы, өсімдігі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Топырағы бозғылт сұр, кей жерлерінде ақшыл қоңыр түсті. Тау беткейінде бұйырғын, тасбұйырғын, баялыш, т.б. өседі.[1]