Мазмұнға өту

БҰҰ Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

БҰҰ Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесі (ЭКОСОС, ағыл. United Nations Economic and Social Council) – Біріккен Ұлттар Ұйымының басты органдарының бірі. Бұл кеңес БҰҰ-ның экономикалық пен әлеуметтік салалардағы жұмысын реттейді.[1]

1945 жылғы 26 маусымда құрылды. Жұмыс орны: Нью-Йорк.

ЭКОСОС БҰҰ-ның 15 мамандырылған мекемесіне, 9 салалық комиссияға, 5 аймақтық комиссияға жауапты.

Кеңес құрамы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Кеңес құрамына 54 мемлекет өкілі кіреді. Әр мүшені БҰҰ Бас Ассамблеясы 3 жылдық мерзімге сайлайды. Мемлекеттерге ЭКОСОС мүшелігіне қайта сайлануға шектеу жоқ. Кеңеске мүше әр мемлекеттің 1 дауысы болады. Шешімдер ортақ дауыс беру әдісі арқылы қабылданады.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 1971 жылғы резолюциясына сәйкес, ЭКОСОС құрамына кіретін өкілдер саны келесідей бекітілді:

Аймақтық топ Өкіл саны
Азия 11
Африка 14
Шығыс Еуропа 6
Батыс Европа мен басқа елдер 13
Латын Америкасы мен Кариб теңізі 10

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3