Мазмұнға өту

Бүйір мойын тасбақалар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Бүйір мойын тасбақалар (лат. Pleurodira) – мойынын сауытының ішіне жиырғанда, ол оң немесе сол бүйіріне қарай қисайып, басы қолтығына барып енеді. Сондықтан мойын омыртқаларының көлденең өсінділері және оған байланысты еттер жақсы дамыған. Екінші бір ерекшелігі — жамбасы құрсақ және арқа сауытымен қозғалмайтын болып бірігіп кеткен. Барлық түрлері Африкада, Австралияда және Оңтүстік Америкада суда тіршілік етеді. Ориноко мен Амазонка өзендерінде сауытының, ұзындығы 80 см болатын — аррау (Роdосnomis ехраnsа) тіршілік етеді. Мойыны ұзын, кейбір түрлерінде ол сауытының ішіне сыймайтын — жылан мойын (Chelidae) тасбақалар да кездеседі. Олар Оңтүстік Американың тұщы суларында, Австралияда және Жаңа Гвинейде кездеседі. Ірі формаларының ұзындығы 1 метрге жететін, жануар текті тамақпен қоректенетін ағзалар. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Омыртқалылар зоологиясы. Мектеп баспасы, Алматы, 1970