Бүйі
Lycosa singoriensis | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
|
Бүйі (лат. Lycosa sіngorіensіs) – өрмекшілер отрядының Қасқыр-өрмекшілер тұқымдасының бүйі туысына жататын ірі өрмекші.
Таралуы
Қазақстанның шөл-шөлейтті, далалы аймақтарында кең тараған, әсіресе, ылғалы мол өзен-көл жағалауларында жиі кездеседі. Дене тұрқы 25 – 35 мм, өне бойын түк жапқан, түсі қоңыр, қара қоңыр, сарғылт. Бүйі ылғалды жерден тереңд. 50 – 70 см ін қазып, сонда мекендейді. Жыртқыш жемтігін, көбінесе түнде аулайды. Ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Өрмек торын құрмайды.
Көбеюі
Көбеюі маусым айында басталады. Шағылысып болғаннан кейін, көп жағдайда Бүйінің ұрғашылары еркектерін жеп қояды. Жұмыртқаларын өрмек жіпшелерінен тұратын пілләларға (кокон) орап, ұрғашы Бүйі қамқорлыққа алады. Жұмыртқаларының саны 20-дан 300-ге дейін жетеді. Жұмыртқадан шыққан өрмекшілер бірнеше күн бойы аналығының жотасына жабысып жүреді де, қорегін ұстауға жарағанда ғана дара тіршілік етеді.
Уы
Бүйі – улы өрмекші. Уы тырнағымен жалғасқан 1-жұп аяқтарындағы ірі бездерінде түзіледі. Оның уы өмірге қауіп төндірмейді, бірақ Бүйі шаққан кезде адамның басы айналып, дене қызуы көтерілуі мүмкін. Сондықтан Бүйі шаққан жердің қанын сәл ағызып жібереді де, үстіне дәрі ерітіндісіне малынған дәке басып, таңып тастайды.
Бүйі түрлері
- Алқызыл аяқты бүйі - алқызыл аяқты қаратүсті бүйінің түрі.
- Бразилиялық қара бүйі - айтарлықтай үлкен бүйінің түрі. Ерексектерінің ұзындығының 153-183 см-ге дейін өседі.
- Көк қаңқалы бүйі - құсжеуші өрмекші тұқымдасының бір түрі.[1]
Дереккөздер
- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |