Бозшакөл мыс кен орны
Бозшакөл мыс кен орны – Павлодар қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 125 км жердегі мысты порфир типті ірі кен орны. Бозшакөл мыс кен орны ежелгі кен қазбаларының ізімен 1930 жылы Р.А.Борукаев ашқан.
Геологиялық құрылымы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кен орны Бозшакөл антиклинорийінің оңтүстігінде қанатында орналасқан. Оның жаралу тегі төменгі кембрийдің негізгі құрамды жанартаулық жыныстарын кесіп өтетін дайка (сығылма) тәрізді плагиогранит-порфир интрузиясымен байланысты. Мұнда ендік бағыттағы уатылу белдемін бойлай орналасқан екі кен денесі бар.
Минералдары, құрамы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Басты кен минералдары – пирит, халькопирит, молибденит, магнетит, олар сыйыстырушы жыныстарда ұсақ желі және сеппе түрінде таралған. Тотығу белдемінің тереңдігі 3-40 м. Кен құрамында мыс, молибден, сондай-ақ алтын, күміс, рений, кобальт, т.б. бар. Кентастағы металл мөлшері шамалы болса да қоры мол, ашық әдіспен алуға қолайлы. Кен орны толық барланып, игеруге дайындалған.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |